Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде садақаға банан мен салат қойып, дастарханды жайнатып жасайтындар көбейіп кеткен

Опубликовано:

Ақтөбеде мешіттің бас молдасы  мен танымал журналист садақа кезінде дастарханды жайнатып қою дұрыс еместігін айтты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

«Көңіл айтуға барғанда банан ашып, сүйсініп салат жеп отыру – әбестік. Сондықтан, той секілді шығынға батып, садақа өткізуді қою керек»,-дейді журналист Айдос Шөкіш.

Қазалы үйде жайнап тұрған дастархан көңілді құлазытады. Ақтөбеде садақаны жарысып, той секілді өткізу сәнге айналып бара жатқаны жасырын емес.

«Қазір садақаға барсаң, дастарханын тойға дайындалғандай жайнатып қояды. Біреу қазасына қайғырып, жылап жатқанда кім тамақ іше қояр дейсің?! Бірақ, оған қарамастан дастарханды барынша толтырып, салатын жасап, бананына дейін қойып жатады. Садақада кім банан жеп отырады? Салат та көзге түрпідей тиеді. Көңіл айтуға барғанда тамақ ішу үшін емес, басу айту үшін барасың. Оған шығындалып, дастархан жасап жату қазір сәнге айналып бара жатқандай»,-дейді Айдос Шөкіш.

Мешіт қызметкерлері де дәстүрге айналып бара жатқан бұл жағдайға алаңдайтындарын айтады.

«Садақадағы ысырапшылдықты тоқтату мүмкін болмай тұр. Адам жалғызынан, анасынан, әкесінен, ағасынан айырылып, жылап жатқан кезде екінші бөлмеде отырып тамақ ішу деген шариғатта қаралмаған. Соны өзімізге кіргізсек, ештеңесі жоқ. Бірақ, бізде бәрі теріс қарай жүреді. Түсіндіріп айтып кетейін, ертеде адам қайтыс болатын болса, жақындары сол үйдің маңына ағаш үйлерін тігіп, қаза болған үйдің адамдарын тамақтандырады екен. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сұрағаны да сол. Муаз есімді сахаба қайтыс болған кезде Ол (с.ғ.с.) сахабаларға «сендер Муаздың үйіне барыңдар, жәрдем беріңдер, қайғысын бөлісіңдер» деген. Ол үйге барып, тамақ ішіңдер демейді, «тамақтандырыңдар» деген. Қазір бәрі ысырап. Бірде садақада болдым. Бірінші күні үлкен мейрамханада 400 адамға дастархан жайды, екінші күні 350 адам шақырды. Кешегі болған 400 адам ертеңіне қайтып келді. Сондай ысыраптың не керегі бар?»,- дейді «Нұр ғасыр» мешітінің бас молдасы Жайылхан Абдисаламов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/957793-elimizde-sadaqagha-banan-men-salat-qoy/

pixel