RU

Автобус жолаушылары күтпеген жерден қазақша өлең оқыды

Елімізде қоғамдық автобусқа мінген жолаушылар күтпеген жерден жарыса қазақша өлең оқыды.

Бұл туралы qamshy.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Ер кісі Абайдың 1887 жылы жазылған "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" өлеңін қоғамдық көлікте жатқа айта бастағаны сол еді, қалған жолаушылар азаматтың бастамасын іліп әкетіп, қазақша өлеңдерді бірінен соң бірі жарыса айтты.

Оқушы балаларға дейін қосылған бұл флешмоб өзге жолаушылардың да көңілінен шығып, бәрі қошеметтерін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/958647-avtobus-zholaushylary-kutpegen-zherden/