RU

Павлодарда полицейлерге түсініксіз тілде сөйлеген тұрғынның "ерекше" сөздері сараптамаға жіберілді

Екібастұз қаласының полицейлері әйел адамның учаскелік қызметкерді балағаттағаны түсірілген видеоны Астана қаласына психологиялық-филологиялық сараптамаға жібереді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы Баян Мағзұмованың айтуынша, полицейлер тәртіп сақшыларына айтылған теңеулерге тәуелсіз бағалау жасалғанын талап етеді.

"ЖШС-нің 33 жастағы менеджері Қылмыстық кодекстің 190-бабы, үшінші бөлігі – «пәтер алаяқтығы» бойынша айыпталуда. Іс сотқа жөнелтілген. Учаскелік полицей азаматшаны шақырған сәтте ол ашуға басқан. Бұл ретте ол тек қана былапыт сөздерді жаудырып қана қоймай, түсініксіз сөйлемдер айтқан. Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 378-бабы, бірінші бабында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл сөздердің қорлау мағынасы бар-жоғын анықтау үшін психологиялық-филологиялық сараптама тағайындалды. Әйелдің өзі оны жоққа шығарады. Полиция объективті тергеу жүргізуге ниет білдіріп отыр", - дейді Мағзұмова.

Баспасөз хатшысының айтуынша, балағат сөздер болғандықтан, тәртіп сақшылары түсірген видеоның кейіпкері айыппұлдан жалтара алмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/959325-pavlodarda-policeylerdi-tusiniksiz/