Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұсабаев зейнеткерлікке шыққан соң ғарыш туралы мемуарларын жазады

Опубликовано:

ИДМ Аэроғарыш комитетінің (Қазғарыш) төрағасы Талғат Мұсабаев оқырмандарға ғарышта болу және отандық космонавтиканың қызметі туралы мемуарлары қамтылатын кітапты зейнеткерлікке шыққан соң ғана жазуды уәде етті.

«Маған бұл сұрақты жиі қойып отырады, 150 рет қойған шығар. Бірақ бұл өте жақсы сұрақ, мен тіпті әлі күнге дейін бұл туралы бірде-бір жол жазбағаныма ұяламын. Бірақ, біріншіден, қазір қолым бос емес. Ол көп еңбектенуді, бос уақытты қажет ететін жұмыс екенін өздеріңіз түсінетін шығарсыз», - деді Талғат МұсабаевҰлттық мұражайында өткен «Жұлдызды жолдардың батырлары» тақырыбында өткен дөңгелек үстел қатысушыларының сұрақтарына жауап беріп.

Аэроғарыш комитетінің төрағасы ғарыш саласында жұмыс істеу жылдарында жинаған тәжірибесі 10 кітапты жазуға жететінін мойындады.  Алайда Талғат Мұсабаевтың бүгінгі жұмысының күрделі кестесі оны жасауға мүмкіндік бермей отыр.

«Мемуарларға келсек. Мен зейнеткерлікке шыққанда, өз мемуарларымды жаза бастайтын шығармын, жазатын қызықты жайттар көп. Бірақ қазір қолым бос емес», - деп қосып өтті Авиациясының генерал-лейтенанты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/962950-musabaev-zeynetkerlikke-shyqqan-sonh-gh/