ОҚО-да жас жұбайлар «гулянканың» орнына балалар үйіне барып, дастархан жайды (фото)
Опубликовано:
Оңтүстік Қазақстан облысында жас жұбайлар шаңырақ көтеру тойы күні көпшілікті таң қалдырды деп жазады rgmedia.kz.
Күйеу жігіт Мейірман Сауранбек пен қалыңдық Сәния бұл күні өзгелерге қуаныш сыйлауды жөн көріпті. Яғни, жас жұбайлар өзгелер секілді қымбат көлік жалдап, той кортежімен көшені аралаудан гөрі балалар үйіне барып, ата-ана қамқорлығынсыз қалған тәрбиеленушілерге дастархан жаюды жөн көрген.
Тіпті күйеу жігіт бүлдіршіндерге жеңгелерін көрсетіп, сәлем салдырды деп жазады басылым.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/970896-oqo-da-zhas-zhubaylar-gulyankanynh-orny/