Бердібек Сапарбаевтың кенжесі қымбат көлікпен суретке түсті
Опубликовано:
Жансұлтан Сапарбаевтың қызыл "Феррариының" ең арзаны нарықта 300 мың АҚШ доллары тұрады. Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысы әкімінің кенже ұлының қымбат көлікті тізгіндеген суреті кең тарап, халық жаппай талқылап жатыр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Оппозиционер Айдос Садықов өзінің фейсбуктегі парақшасына Жансұлтан Бердібекұлы Сапарбаевтың фотосын салып, «Бұл қытайлық кәсіпкер де, жапондық якудза да емес. Бұл Жансұлтан Сапарбаев, жасы 24-те, 12 жасынан еңбек еткен, ірі кәсіпкер. Әкесі өмір бойына бел жазбастан мемлекеттік қызметтің алдыңғы шебінде жұмыс жасап келе жатыр. Бердібек Сапарбаев – еш уақытта кәсіппен айналыспаған, лотереяда да жеңіске жетпеген, оның бар ғұмыры мемлекеттік қызметте өтті. Жансұлтан туралы мағлұмат аз. Сонда жас жігіттің бизнесімен феррариіне ақша қайдан алған?».
Жансұлтан Сапарбаев мініп фотоға түскен "Феррари" көлігінің нарықтағы құны 300 мың АҚШ долларынан жоғары тұрады. Сондай-ақ суретте көліктің мемлекеттік нөмірі жоқ, сондықтан суреттің қай елде түсірілгені де белгісіз.
Пікір білдірушілердің басым көпшілігі қымбат темір тұлпарды қалталы туыстары сыйлаған десе, енді бірі «байлыққа масаймай жолда ереже бұзбай жүруін» тілеген. Десе де, өз ойын білдірушілердің басым көпшілігіне шенеуніктің ұлының қымбат көлікте отырғаны ұнамаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/972472-berdibek-saparbaevtynh-kenzhesi-qymba/