Амандық Баталов өзі басқарып отырған облыста демографиялық думпу сезілгендігін айтты
Опубликовано:
БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірде демографиялық думпу сезілетіндігін атап өтті.
"Соңғы жылдары біздің облысымызда демографиялық дүмпу сезіледі. Бұл сөзімді өткен жылы Алматы облысында дүниеге келген 500 мыңнан астам нәрестенің туылуы айғақтай алады. Сонымен қатар ағымдағы жылдың күзінде өңірімізде 42 мың бүлдіршіннің мектеп қабырғасын алғаш аттауы болашағымыздың баянды ете түсетіндігін қуанышпен xабарлағым келеді", - деді Амандық Ғаббасұлы.
Аймақ басшының айтуына қарағанда қазірдің өзінде облыс орталығында балабақша мәселесі оңтайлы шешіліп жатқан көрінеді.
"Мемлекеттік-жекеншік серіктестік аясында біз өңірдегі балабақша тапшылығын шешудің тиімді жолын тапқандаймыз. Алғашқыда бұл ойымызды кәсіпкерлерге айтқанымызда, олар аздап қобалжығаны бар. Дегенмен, бұл жобамыз бұл күнде өзге өңірлерге де үлгі бола бастағандай. Яғни, үкіметтен бөлінер қаражатты күтіп отыра бермей, қажетті инфрақұрылымын жүргізіп беріп, кәсіпкердің едел-жедел нысанды іске қосуына көмектесіп, біз де мүдделілік таныттық. Оның төлем қабілеттігі де көпшіліктің көңілінен шығуда. Кәсіпкер де разы мұндай бастамаға. Демек, бұл жоба тараптарға тиімділігімен ұнауда деген сөз", - деді Амандық Ғаббасұлы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/974417-amandyq-batalov-ozi-basqaryp-otyrghan/