RU

Қазақстандық бойжеткендер бай жігітті "сындырудың" айлаларын үйренуде

Жігіттер бойжеткенді "өзіне қаратудың" түрлі амалдары барын жақсы біледі. Ал әңгіме бойжеткеннің ер азаматты "сындыруына" келгенде айтарлықтай айырмашылықтар барын байқауға болады.

Мәселен, ер азаматтар бойжеткенді басын айналдыру үшін ғана өзіне қаратқысы келсе, бойжеткендердің дені жігіттерге өзіне үйлендіру мақсатында "қармақ тастайды". Бұл мақсат қаншалықты шындыққа айналары әйелдің өзіне байланысты екен.

«Қарым-қатынаста әйелдер көбіне ер азаматтардың дегеніне көніп, ығына жығыла бергеннен өз құнын жоғалтады. Қарым-қатынасты осылай бастап, қателік жасайтындар көбіне сүйіктілерін өздеріне суытып алады", - дейді "жігітті құлату" курсының үйретушісі Юрий Рейс.

Мұндай бастамадан кейін өзгеріс жасау оңайға соқпайды екен. Содан кейін не себепті қарым-қатынастары бұзылғанын түсінбей курстарға жүгінетіндердің дені ақылды, жоғары білім бар, сұлу арулар дейді Рейс.

Шын мәнісінде, қарым-қатынас берік болудың үш маңызды шарты бар көрінеді. Біріншісі - эмоция. Маман ер азаматтар сүйіктісінің эмоцияға берілуінен ләззат алып, романтикалық әрекеттерге талпынысы жоғары болатынын айтуда.

Екіншісі – қарым-қатынастағы жайлылық. Яғни, әйел ер кісіні қызғандыру арқылы дегеніне көндірмеуі тиіс. Жігіт өзінің сүйіктісінен күмәнданбауы керек, дегенмен оларға асқан сенімділік беру де артық дейді маман.

Үшіншісі - сексуалды құштарлық. Секс – қарым-қатынастың ажырамас бөлігі, ол қажет мөлшерде және сапада жүзеге асып тұруы тиіс деп санайды Рейс. Дегенмен үйретуші жыныстық қатынасқа бірден түспей, бір жарым, екі айдай қашықтық сақтау керектігін ескертті. Олай болмаған жағдайда ер кісі қажет аймағын толықтай жаулап алғанын сезініп, әрі қарай қатынасты жалғастыруға қызығушылығы жоғалады екен.

Үйретушінің берген азын-аулақ кеңестері:

Қашан да өзіңе күтім жасап, жігітіңді де өзін күтінуге үйрету;

Қуаныш сыйлау;

Өзіңе және сүйіктіңе өтірік айтпау - егер бірдеңе ұнамаса бірден оны ескертіп отырған дұрыс.

Жігітті "басыңа мінгізбеу";

«Балаға өзі істей алатын дүниені істеп берудің қажеті жоқ" дейтін мақал бар. Бұл нақты ер азаматтарға қатысты ой. Ер кісі көп дүниені өзі істей алады және оның көмегінен еш уақытта бас тартпаңыз, тіпті сұрап та отырыңыз. Көптеген қарым-қатынас күнделікті тұрмыстық жайттардан құлдырап жатады", - дейді Юрий.

Тағы бір ескеретін жайт - миды ашыту мен еркелеудің аражігін ажырата білу.

Еркелікті де дұрыс көрсеткен абзал. Яғни, түбегейлі талап етпей, ақырындап, алдап-арбап жеткізу.

Жігітке құпия болып көрініп, ойыңды бірден оқуға мүмкіндік бермеу де маңызды екен. Алайда Юрий бұл заңдылық қазақ жігіттеріне жүрмейтінін ескертті. Тумасынан өзін басты адам ретінде сезінетін қазақ азаматтарына жағу үшін "алтын келін" атануға лайық екеніңді дәлелдей білу әлдеқайда өтімді дейді маман.

"Ал қалталы азаматты өзіңе қарату үшін көрікті, бірақ ақылы аздау әйелдің кейпін танытуың керек. Ер кісі әйелдің бұл әрекетін бірден сезіп, оны ойынға шақырту ретінде қабылдайды. Қарым-қатынас барысында аяқ-асты ақылды ойлар айтып, ұтымды кеңес беріп қалса, көзге бірден түсетін болады", - деп жалғастырды Юрий.

Ол тым айқайлап тұрған киім кимесе де, көзге түсерлік жарқын киіну қажет екенін де ескертті. Стиль мен мәдениеттіліктің бары сезіліп тұруы тиіс. Қалталы азаматтар қоғамның алдында таңдаған өмірлік серігі оған лайықты болып көрінуін маңызды санайды екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/980891-qazaqstandyq-boyzhetkender-bay-kuyeu/