Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы дәмханалардан ішек таяқшасы мен бактериялар табылды

Опубликовано:

Астана қаласының тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті «Керуен», «Сарыарқа», «Азия - Парк» сауда ойын-сауық орталықтарындағы қоғамдық тамақтандыру орындарын тексерді.

Сатылымдағы тамақ өнімдерінің сапасын бақылау бойынша іс-шаралар аясында санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және іріктеу жүргізілді.

«Керуен» СОСО қоғамдық тамақтану объектілерінде сатып алу жүргізілді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Ұлттық сараптама орталығы жүргізген зертханалық зерттеу нәтижесі бойынша микробиологиялық және токсикологиялық көрсеткіш бойынша сәйкессіздік анықталды.

«Керуен» сауда ойын-сауық орталығында орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерінде анықталғандар:

Мәселен, «Del Papa» мейрамханасында ішек таяқшалар тобының бактериялары (тауықпен, тунецпен брускеттер) және технологиялық процестің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес емес өнімдер (Пармиджано тауығы).

«Киссатэн» мейрамханасы: ішек таяқшалар тобының бактериялары («Японский цезарь» салаты, «Тауықтың төс етімен цезарь» салаты), мейрамханадағы персоналда патогенді стафилокок тасымалдаушылық анықталды (суши).

«Ассорти» мейрамханасы: ішек таяқшалар тобының бактериялары (жульен, хосо маки), персоналда патогенді стафилокок тасымалдаушылық («Демидовский» салаты) және технологиялық процестің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес еместігі анықталды.

«Starburger» фаст-фуды: ішек таяқшалар тобының бактериялары анықталды (бургерлер) және технологиялық процестің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес еместігі анықталды (суши).

«Burger king» фаст-фуды: ішек таяқшалар тобының бактериялары, технологиялық процестің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес еместігі (чизбургерлер).

«Sakura» фаст-фуды: ішек таяқшалар тобының бактериялары («Цезарь» салаты), персонал патогенді стафилококты тасымалдаушы болып табылады. Технологиялық процестің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес еместігі (кілегейлі мактар).

«China Town» фаст-фуды: жалпы микроб саны көрсеткішінің асуы (қуырылған тұшпара).

«Kebab haus» фаст-фуды: ішек таяқшалар тобының бактериялары (саңырауқұлақпен тауық еті, пахлава, «Оливье» салаты), персонал патогенді стафилокок тасымалдаушысы (донер), технологиялық процестің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес еместігі.

«Изубшка» дәмханасы: ішек таяқшалар тобының бактериялары («Малибу» салаты).

Бұзушылық анықталған барлық объектілерге кемшіліктерді жою туралы ұйғарым берілді. Жоспардан тыс тексеру кезінде олардың орындалуында бұзушылықтардың қайта орын алуы анықталды. Осыған байланысты департамент материалдары әкімшілік сотқа жолданды, оның шешімі бойынша қоғамдық тамақтандырудың әрбір кәсіпорнына 100 АЕК айыппұл салынды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті бұзушылықтың қайта орын алған  және ұйғарымды орындамаған жағдайда «Керуен» СОСО қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметін тоқтата тұруға дейін шара қабылданатындығын ескертті.

"Сарыарқа» және «Азия Парк» СОСО бойынша нәтиже тұтынушыларға қосымша хабарланатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/991771-astanadaghy-damkhanalardan-ishek-tayaqsh/

pixel