Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мұсылмандар одағының ең атышулы ұсыныстары

Опубликовано:

Қазақстан мұсылмандар одағының мәлімдемелері біздің қоғамды дүрліктіріп қана қоймай, әлем назарына да ілігіп үлгерген. Қазақстандықтар аталмыш одақтың оғаш ұсыныстарын қалай қабылдарын да білмей әлек болуда деп хабарлайды NUR.KZ.

Сонымен ҚМО-ның ең ақылға қонымсыз 10 ұсынысын назарларыңызға саламыз.

Секске салық

ҚМО-ның секске салық енгізу туралы ұсынысы тұрғындарды қатты дүрліктірген болатын. Халық мұны әзіл ме, әлде асқан ақымақтық па деп ажырата алмай дал болған.

ҚМО баспасөз хабарламасында одақ қызметкерлері жетекші экономистер және сексологтармен ақылдаса отырып, интимдік салаға салық салудың жүйесін ойластырып қойғаны айтылады.

«Заңды некеге тұрған әрбір қазақстандық 1 жыныстық қатынас үшін 584 теңге төлеуге міндетті. Егер жыныстық қатынас азаматтық некедегілердің арасында болса, салық 748 теңгені құрайтын болады. Некесіз жыныстық қатынас – 1893 теңге. Гейлер мен лесбилердің жыныстық қатынасы – 2741 теңге. Дәстүрлі емес жыныстық қатынас – 4892 теңге», – деп ҚМО өкілдері алдын ала салық мөлшерлемелерін анықтап қойған.

Кейін небір қыңыр бастамаларымен танымал атышулы Мұрат Телібеков жыныстық қатынас үшін салық үкіметке үлкен жәрдем болатынын мәлімдеген.

Саакашвилиді еліміздің әкімі ету

ҚМО-ның өзге батыл саяси ұсынысы - Михаил Саакашвилиді Қазақстан қалаларының біріне әкім болуға шақыру. Бұған да жұрттың ашуға берілгеніне Телібеков аң-таң.

«Интернетте Саакашвилиді Қазақстанға шақырғанымызға халық ашулы. Неге? Президент кеңесшісі ретінде Ұлыбританияның экс-премьері Тони Блэрді шақырту ешкімді ашуландырмайды. Премьер Мәсімовтің шетелдік «Али Баба» компаниясының басшысын өзінің кеңесшісі болуға шақытруы да сабырмен қабылданды. Ал Саакашвилиді шақыру шу тудырды. Түсініксіз. Бүкір немесе алапес адам емес сияқты еді...» - деп ол өз Facebook парақшасында жазды.

Ал Саакашвили өз кезегінде бұл ұсынысқа жауап қатты.

Компьютерлік әкім

Жоғары лауазымдағы шенділер ешкімге күдік тудырмас үшін ҚМО «Компьютерлік әкім» жүйесін енгізген дұрыс деп санайды.

Қазақстан заңнамасын негізге алатын бағдарлама құру қиын емес, ал бағдарлама бұзылып қалса, оны тез жөндеуге болады дейді ҚМО өкілдері.

"Компьютерлік жобаларды енгізу жемқорлықты түбімен жояды, себебі техникаға ақша керек емес", - деп ойын білдірді Одақта.

Жаңа ЖЖЕ

ҚМО елде болып жатқан жол жүру ережелеріндегі өзгерістерге де назар аударып, бірден өз ұсыныстарын жасаған. Мәселен, автомобильді дәрі қобдишасына транквилизаторлар, Эбола вирусына, обаға, тырысқаққа және күйдіргіге қарсы екпелерді, бала көтертпейтін дәрілерді қосуды ұсынған.

Сонымен қатар Одақ жүргізушілерге түнде өзімен көлікте сақа, жасаурататын газ баллонын, металл касканы, бронежилетті, ысқырғыш пен белгі беретін ракетаны алып жүруге міндеттеу қажет деп санайды.

Өзге ұсыныс Алматының Абай даңғылында автобустарға арнайы жолақ бөлуге орай туындаған. Ол кезде ҚМО арнай жолақты қымбат көлік иелеріне, қара көліктерге, ақ көліктерге де (тағысын тағылар) жеке бөлуге ұсыныс білдірген.

Головкин vs Амантай-қажы

ҚМО-ны қазақстандықтардың спорттық жеңістері де алаңдаттырады. Нақтырақ айтқанда, Геннадий Головкиннің.

Қоғам белсенділері GGG-ді тым әлсіз қарсыластар таңдайды деген оймен, оған рингте "қазақ батыры" Амантай-қажымен қолғап түйістіруді ұсынады. Олар, тіпті бұл жекпе-жекке 20 млн доллар беруге әзір екенін мәлімдеген.

Дегенмен бұл қаражатты қайдан табатыны және Головкин бұл ұсынысты қабылдау-қабылдамауы, әзірге белгісіз.

Павел Глобаны қудалау

Жақында ҚМО танымал астролог Павел Глобаға шүйліккен. Олар Глобаны елден қууды ұсынған. Белсенділердің пікірінше, Глобаның Қазақстанға келуінен кейін елде, тіпті шенділер тылсым дүниелерге қызығушылық танытуға кіріскен.

Еліміз оккультизмнің шырмауына түспеуі үшін астрологты дереу елден асыру талап етілді.

Үсеновке - орден

Ал Қазақстандағы өзге атышулы тұлға - Мақсат Үсеновке ҚМО орден табыстау керек деп санайды.

Одақтың пікірнше, бұл азамат тайсалмас қайсар мінезімен миллиондаған қазақстандықарға үлгі болды. Үсенов қоғамның қарсылығына қарамастан, өз ұсатынымын жоғалтпай, жолынан таймады деп санайды ҚМО. Бұл мәлімдеме де жұрттың ашуын келтірген.

Хэллоуинді тойлайтындарды жазалау

ҚМО Хэллоуин мерекесін тойлайтындарға қылмыстық жаза тағайындауды ұсынды.

Белсенділердің пікірінше, қазақ қоғамы онсыз да қорқыныштарға толы. Елді террористермен, дағдарыспен, нанның қымбаттауымен, парламентті таратумен, президенттің мезгілсіз қазасымен қорқытып болған дейді олар.

Айта кетерлігі, ҚМО жасаған ұсыныстардың бірі де әлі күнге дейін жүзеге асырылған емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/993592-qazaqstan-musylmandar-odaghynynh-enh/