Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуанышбек Есекеев: «Қазақтелеком» үшін әр абоненттің пікірі маңызды

Опубликовано:

Қуанышбек Есекеев
Қуанышбек Есекеев. Фото: «Қазақтелеком» АҚ

1 ақпанда NUR.KZ платформасында «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің кезекті онлайн-конференциясы басталады. Абоненттермен және әлеуетті клиенттермен мұндай байланыс форматы елдің ірі телеком-операторының басшылығы үшін дәстүрге айналуда - өткен жылы «Қазақтелеком» басшысы осындай екі конференция өткізіп, онда 3 мыңнан астам қазақстандыққа жауап берген болатын.

2020 жылы елдің ең ірі телекоммуникациялық компаниясының басқарма төрағасы осындай екі конференция өткізген еді: біріншісі – Қазақстан коронавирус жұқтырған науқастар санының күрт өсуіне жол бермеу үшін қатаң шектеу шараларын енгізуге мәжбүр болған көктем мезгілінде өткен.

Сол кезде елдегі көптеген бизнес түрлерінің тіршілігін жалғастыруы үшін кең жолақты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету ерекше маңызды болды, ал «Қазақтелекомның» өзі шұғыл түрде бірқатар жаңа онлайн қызметтерін іске қосты - абоненттермен кері байланыс наурыз айының аяғында-сәуірдің басында компанияға күш-жігерін дұрыс бағытта жұмсауға мүмкіндік берді.

Ел 2020 жылдың күзін анағұрлым тұрақты жағдайда өткізді, бірақ өзінің қызметінің бірқатар бағыттарын реформалауды және жетілдіруді жалғастырған «Қазақтелеком» басшылығы біздің ресурстағы оқырмандарды компанияның форс-мажорлық жағдайларда жасаған жұмысын бағалау мақсатында екінші интернет-конференцияға қатысуға шақырды.

Одан бөлек, оқырмандардан телеком-операторына өзінің қызметінде нені жақсартуға болатындығын, қандай кемшіліктер барын және оны қалай жоюға болатындығын, сондай-ақ «Қазақтелеком» алдағы уақытта қандай қызмет түрлеріне назар аударуы керектігін айтып беру сұралды. Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, өткен жылы онлайн-конференция форматы кері байланыс алу тұрғысынан компания үшін өзектілігін дәлелдей алған.

«Құрметті еліміздегі ең танымал интернет-БАҚ-тың оқырмандары, сіздерге 1 - 15 ақпан аралығында NUR.KZ алаңында «Қазақтелеком» АҚ басшылығының кезекті онлайн-конференциясы өтетіндігін қуана хабарлаймын», - дейді Есекеев мырза.
«Өткен жылдан бастап біздің компания өз тұтынушыларымен «кері байланыс» орнатуға мүмкіндік беретін онлайн-құралдардың санын едәуір көбейткеніне қарамастан, бұл конференциялар жақсы дәстүрге айналуда. Біз өзіміздің telecom.kz ресми сайтымызда «жеке кабинеттің» мүмкіндіктерін кеңейттік, әлеуметтік желілерге және WhatsApp мобильді қосымшасына еніп, компанияға барлық қоңыраулардың үштен бірін қамтамасыз ететін бизнес-каналды іске қостық. Десе де NUR.KZ-тегі байланыс арқылы жинақталған тәжірибеміз көрсеткендей, онлайн-конференция аудиторияны кеңейте отырып, сіздер көтеріп отырған мәселелерге тереңірек бойлауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ол.

Компанияның басқарма басшысының айтуынша, онлайн-конференциялар «Қазақтелеком» АҚ клиенттерінің қатарына кірмейтін, бірақ онымен өзара тиімді ынтымақтастыққа мүдделі аудиторияның бір бөлігімен пікір алмасуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, компания басшылығының диалог құруға ашықтығы онлайн-конференциялар арқылы да қамтамасыз етіле отырып, бұл өз алдына қазақстандықтардың таңдауы «Қазақтелекомға» түсуіне жағдай жасайды. Мәселен, 2020 жылғы күзгі онлайн-конференция кезінде сұраныстардың үштен бірінен көбі телеком-операторының желілеріне алғашқы қосылу мүмкіндігіне қатысты болды (2020 жылдың күзінде Қуанышбек Есекеевке біздің алаңымыз арқылы 2 мыңнан астам өтініш жіберілді, көктемде өтініштер саны мыңнан асты).

«Біз үшін халықтың телекоммуникация саласындағы қажеттіліктері мен сұраныстарын білу өте маңызды, сонымен қатар, онлайн-конференциялар кезінде біз тұрғындарды компанияның жұмысы мен бүгінде көрсетілетін қызметтері туралы хабардар етуге мүмкіндігіміз бар», - дейді АҚ басқарма басшысы.
«Ал бұған дейін біздің онлайн-конференцияларға қатысқандар мұнда айтылған бірде-бір сұрақ пен бірде-бір шағым жауапсыз және қараусыз қалмайтындығын растай алады: біз келіп түскен барлық шағымдарды мұқият зерттеп, NUR.KZ оқырмандары бізбен байланыс кезінде көтерген барлық проблемаларды шешеміз», - деп сендірді ол.

Онлайн-конференцияларды өткізудің тиімділігін аңдататын бірнеше статистикалық мәліметтер бар - 2020 жылдың көктемінде қызметтер мен қызмет көрсетулердің сапасы туралы сұрақтар сұраныстардың жалпы көлемінің 14% және 13% құраса, қыркүйек айында өтінімдердің жалпы ағыны сәуірмен салыстырғанда екі есеге өскеніне қарамастан, күзде олардың үлесі, сәйкесінше 7% және 10% дейін төмендеді.

Бұл тенденция компания кері байланыстар арқылы шынымен де өз кемшіліктерін анықтайтындығын және оларды жою үшін жедел жұмыс істейтіндігін көрсетеді. Десе де Есекеев мырза «Қазақтелеком» басшылығы мұндай шағымдарды мүмкіндігінше нөлге жақындатуға тырысатындығын алға тартқан болатын.

«Өткен жылдың күзінде интернет-конференцияның көмегімен біз қызметтер мен қызмет көрсетулердің сапасы бойынша қоңыраулардың жалпы үлесі барлық қоңыраулардың жалпы өсімінен айтарлықтай артта тұрғандығына көз жеткіздік, демек, біздің қызметтеріміз бен тұтынушыларға қызмет көрсетуіміздің сапасын көпшілік оң қабылдап жатқанын байқауға болады. Бірақ содан бері жарты жылдай уақыт өтті және біздің компания үшін клиенттердің қанағаттанушылығының жаңа «өлшемін» жасау қызық болмақ. Біздің компания өз қызметінің сапасын жақсарту үшін үнемі жұмыс істейді және максималистер ретінде біз көрсетілетін қызметтердің сан-алуандығымен де, олардың сапасымен де халық сұранысын 100% қанағаттандыруға тырысамыз», - дейді ол.
«Одан бөлек, бұл байланыс түрі аймақтардағы жағдайды бағалауға және ондағы біздің клиенттерімізде туындап жатқан мәселелерді бір жүйеге келтіруге, сонымен қатар қазақстандықтардың телекоммуникация саласындағы қай сегменттерді дамытуды бізден күтетінін түсінуге мүмкіндік беретін алаңға айналады деп сенеміз. Сол себепті, мен портал оқырмандарын онлайн-конференцияға белсенді қатысуға шақырамын: қазіргідей қиын уақытта компания өз абоненттеріне барынша жақын болуға тырысады, өйткені әрбір қазақстандықтың пікірі біздің компания үшін құнды», - деп қорытындылады ол.

Сіз "Қазақтелеком" мамандарымен келесі нөмірлер арқылы хабарласа аласыз:

Сұрақтар бойынша кеңестер - 160, дс-жс: 09: 00-21:00 (ұялы тел. қоңырау ақылы). 

Қызметтің дұрыс жұмыс істемеуі бойынша сұрақтар - 165, дс-жм: 08: 00-21:00, сн-жс: 09: 00-20:00. 

Мейрам күндері : 09: 00-20:00 (ұялы тел. қоңырау ақылы). 

Баланс бойынша сұрақтар - 195, тәулік бойы (ұялы тел.қоңырау ақылы).

Сонымен қатар +7 708 0000 160 нөмірі бойынша абоненттер үшін тәулік бойы WhatsApp каналы қолжетімді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896654-kuanysbek-esekeev-kazaktelekom-sin-r-abonentti-pikiri-mayzdy/

pixel