Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтардың Олимпиадаға қандай форма киіп баратыны анықталды (фото)

Опубликовано:

Бүгін Қазақстан құрамасының Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарында киетін спорттық формалары көпшілік назарына ұсынылды деп хабарлайды 24.kz.

XXXI Жазғы ойындарға отандық дизайнерлер парадтық және спорттық үлгіде екі киім үлгісін әзірлеген. Парадтық формада айтарлықтай өзгеріс жоқ. Классикалық ақ шалбар мен көк костюм, сары галстук. Ал спорттық киімнің түсі – қоңыр-сары. Бір айта кетерлігі, арнайы форма Қазақстанда жасалған.

Ұлттық құраманың спорттық киімдері арнайы коммиссияның бақылауынан өткен. Сапасы да жоғары дейді мамандар. Ал төрт жылдықтың басты бәсекесінің басталуына 168 күн қалды.

Жаттықтырушылардың айтуынша, спортшыларымыз сақадай сай. Қазірде Қазақстан құрамасының еншісінде спорттың 12 түрінен 48 лицензия бар. Олимпиада басталғанша жолдамалар санын жүзден асыру көзделіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1050242-qazaqstandyqtardynh-olimpiadagha-qand/

pixel