ММА торында кездескен екі қазақ бір біріне еш соққы жасаған жоқ
Опубликовано:

Қытайда екі қазақ жекпе-жекте бірін-бірі аяп, төбелесе алмады деп хабарлайды sport.jas.kz.
Қытайда өткен ережесіз төбелесте екі қазақ – Қазақстаннан барған Айбек пен қытайлық қазақ Ғабит бір-бірін ұруға қолдары батпай, ақыры төрешілер қызыл қағазбен екеуін де алаңнан шығарып жіберді. Екі бауыр бір-біріне бір рет те жұдырық жұмсаған жоқ. Өтірік алысып, кезек жығылып, жұлқыласып жүріп алды.
Үзілісте Ғабиттың жаттықтырушылары «аямай ойна, жарыстың аты жарыс» деп жатқанын естідік. Бірақ, екеуі сонда да бір-бірін ұрып-соққан жоқ.
"Иә, бұнысы жарыс ережесіне сай емес шығар, бірақ бір-біріне қандасым деп елжіреген батыр жүректеріне қалай сүйінбейсің. Қазақты қазақ осылай аяп, құрметтейтін, жақсы көретін болса бізге ең үлкен атақ-абырой, даңқ-мәртебе сол емес пе!", - деп жазады автор Мұрат Алмабекұлы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1066047-mma-torynda-kezdesken-eki-qazaq-bir-bi/