Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайдағы қазақ балуаны Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды

Опубликовано:

Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен лизенциялық іріктеу турнирінде Қытай қазағы Ерланбек Кәтейұлы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды.

Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

65 келіде бақ сынаған Ерланбек финалға дейін барлық қарсыласынан басым түсті. Ол жеңген балуандардың ішінде ресейлік танымал спортшы Адам Батыров та бар. Алайда, Ерланбек жарақатына байланысты финалдық кездесуден бас тартты. Әйтсе де, Олимпиада жолдамасы қолдан сусып кеткен жоқ.

Ерланбек Кәтейұлы 1990 жылы Қытайдың Алтай аймағында дүниеге келген. Лондон Олимпиадасына іріктеу сынында ол қазақстандық Ақжүрек Таңатаровтан ұтылған болатын.

Еске сала кетейік, өзге елдің намысын қорғайтын спортшылар арасында қандасымыз Елнұр Әбдірайымов та бар. Ол бокстан Өзбекстан құрамасына Олимпиада жолдамасын алып берді.

Ал грек-рим күресінен Өзбекстан құрамасының белді мүшесі Елмұрат Тасмұрадов жарақатына орай Астанадағы турнирге қатысқан жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1077210-qytaydaghy-qazaq-baluany-olimpiada-oy/

pixel