Геннадий Головкин туралы әлем жұлдыздары қандай ойда?
Опубликовано:
Бүгін кәсіпқой бокстан WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) 34 жасқа толды деп жазады kazsport.
Назарларыңызға Геннадий Головкин туралы әлем жұлдыздарының айтқан пікірлерін ұсынамыз.
Леннокс Льюис, ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы:
Геннадий әлемдегі үздік үштікке кіретін боксшы. Олар – Мэйвезер, Уорд және Головкин.
Ронда Роузи, UFC чемпионы:
Мен Головкин-Котто жекпе-жегін көргім келеді. Геннадий – менің досым, мен ылғи Геннадийға жанкүйермін. Сондай-ақ, оның кіші Мейвезерге қарсы жекпе-жек өткізгенін қалаймын.
Шугар Рэй Леонард, америкалық боксшы:
Головкин – бұл күш. Егер, ол Коттоға қарсы жекпе-жек өткізсе, жанкүйерлерге нағыз сыйлық болар еді.
Адриан Гонсалез: америкалық танымал бейсбол ойыншысы:
Хулио Сезар Чавес менің әр уақыттағы сүйікті боксшым болған. Ал, қазір, маған Геннадий GGG Головкиннің боксы ұнайды. Ол – жақсы боксшы.
Сауль Альварес: WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы:
Головкин – әлемнің үздік боксшысы. Алдағы уақытта онымен жекпе-жек өткізгім келеді.
Джим Лэмпли, HBO телеарнасының комментаторы:
Геннадий Головкин Майк Тайсонға ұқсайтын жалғыз боксшы.
Кіші Рой Джонс, 4 салмақ бойынша кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы:
Геннадий Головкин бокстағы – «құбыжық». Ол орта салмақтағы - жас Майк Тайсон.
Андре Берто, орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы:
Геннадийдің қолы – балға секілді. Қарсыластарын тек нокаутқа жіберуге арналған сияқты. Оның қарсыластары қанша жерден бетін жауып қорғанғанымен, бәрібір нокаутқа ұшырайды.
Кен Хершман, HBO президенті:
Меніңше Геннадий Головкин бокс әлемінің жұлдызы. Геннадийде қазір барлық мүмкіндік бар. Біріншіден, ол өте мықты, екіншіден ол кез-келген боксшымен салмақ дәрежесіне қарамай жұдырықтасуға дайын.
Фредди Роуч, америкалық бапкер:
Мен Головкин туралы жақсы сөздерді жиі естимін. Ол үздік боксшы бірақ, оның жекпе-жектерін көрмеппін. Оның жекпе-жектеріне (Геннадий) HBO телеарнасы қызығушылық танып, түсіріп жүр. Демек, ол әлемнің мықты боксшыларының бірі.
Владимир Кличко, украиналық боксшы:
Меніңше Геннадий сияқты адам боксқа керек. Ол жеңіске өз күшімен жетіп жүр, ешқандай жасанды жеңісі жоқ. Оны жұрттың бәрі біледі. Бокс жанкүйерлері оны құрметтейді.
Роберт Гарсия, танымал америкалық бапкер:
Мен Геннадийдің жанкүйерімін. Ол жуырда PPV жұлдызына айналады. Оған сенімдімін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1095649-gennadiy-golovkin-turaly-alem-zhuldyz/