RU

Головкинге табанында Қазақстанның туы бар аяқ киім сыйлады (фото)

Геннадий Головкин ұлттық нақыштағы ерекше аяқ киімнің иегері атанды деп жазады Vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Мұндай сыйды әйгілі баскетболшы Майкл Джорданның Jordan Brand сауда белгісі жасап шығарған. Аяқ киімнің ішінде Қазақстанның көк байрағы бейнеленіпті. Бұдан бөлек, аталған сауда белгісі Головкинге эксклюзивті баскетбол аяқ киімдерін сыйлады.

Бүгін Jordan Brand-пен Головкин ресми келісімге келді. Jordan компаниясы Головкинге арнап арнайы киімдер тігетін болады.

Қазақстандық боксшы 23 сәуір күні америкалық Доминик Уэйдпен кездесу өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1100369-golovkinge-tabanynda-qazaqstannynh-t/