Рио-де-Жанейро олимпиадасының алауы жағылды

Опубликовано:

Грекияда Рио-де-Жанейро олимпиадасының алауы тұтанды. Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Алауды 21 сәуірде грек актрисасы Катерина Леху ежелгі Олимпия кешенінде өткен салтанатты рәсімде жақты. Халықаралық олимпиада комитетінің хабарлауынша, алау енді алты күн бойы Грекияны шарлап, Марафон қаласына және Афиныдағы мигранттар лагеріне барады.

Олимпиада алауы 3 мамырда Бразилияға жеткізіліп, 100 күн бойы елді аралап, әр штатта, 500 қала мен елді мекенде болады.

12 мың адам алып жүретін олимпиада алауы эстафетасы тамыздың 5-і күні Рио-де-Жанейродағы олимпиада ойындарының ашылуында аяқталады.

Оңтүстік Америка елдері тарихында бірінші рет өтетін жазғы олимпиада 5-21 тамыз күндері болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1108177-rio-de-zhaneyro-olimpiadasynynh-alauy-zh/