Мұхит Тұрсынов "Қазақстан Барысы" турнирінің финалынан шеттетілді

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысының балуаны Мұхит Тұрсынов биылғы "Қазақстан Барысы" турнирінің финалдық сынына қатыспайды деп хабарлайды NUR.KZ.

2014 жылғы "Қазақстан Барысы" атанған Мұхиттың Семейде өткен іріктеу турниріндегі күресі көпшіліктің талқысына түскен болатын. Дәурен Нұралинов пен Мұхит Тұрсынов арасындағы белдесудің әділетсіз өткеніне ашынған жанкүйерлердің бас көтергені де рас.

Осыдан соң, республикалық турнирді ұйымдастырушылар аталған жайтты тексеріп, нәтижесінде Мұхит Тұрсыновты биылғы финалдан шеттетті. Оның жеңіске жетуіне төрешілердің, әсіресе, жарыстың бас төрешісі, Мұхиттың әкесі Шыңғыс Тұрсыновтың көмектескені анық болды.

Белдесу барысында Дәурен Нұралинов Тұрсыновтың жауырынын жерге тигізсе де, жеңіс берілмеген. Осыдан соң, жақында ғана 2 жылдық үзілістен соң төрешілікке қайта оралған Шыңғыс Тұрсынов өмір бойына төрешілік міндеттен шеттетілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1109188-mukhit-tursynov-qazaqstan-barysy-turn/