Қазақ балуаны Өзбекстан атынан Олимпиадаға қатысатын болды

Опубликовано:

Моңғолия астанасы Уланбаторда күрес түрлерінен Рио олимпиадасына әлем бойынша іріктеу жарысы басталды деп хабарлайды Аламан спорт порталы.

Жарыстың алғашқы күні кілемге грек рим күресі шеберлері шыққан. 66 келіде Мейрамбек Айнақұлова бірінші айналымда үндістандық Равиндер Синхты 10:1 есебімен жеңген. Алайда екінші айналымда америкалық Рэваухн Принстен жеңіліп, жолдамасыз қалды.

85 келіде Асхат Дінмұхамедов эстон Эрик Эпсты 4:2 есебімен жеңгенімен, екінші айналымда жапон Таиши Окадан 0:2 есебімен жеңілді.

98 келіде Ерұлан Искаков та жолдамасыз қалды. Ол бірінші белдесуде-ақ әзірбайжандық Орхан Нуриевтен жеңілді.

Есесіне, Өзбекстан құрамасындағы қазақ Ермұрат Тасмұратов 59 келіде Рио жолдамасын иеленді. Ол алғашында израильдік, швед, венгр қарсыластарын ұтып, жартылай финалда кореялық Ким Сеонг Хактан жеңіліп, финалға шыға алмады. Ал үшінші жолдамаға таласта грузин Реваз Лашинді жеңіп, екінші рет олимпиадаға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Ертең кілемге қыздар шығады. Қазақстаннан қатысатын балуандар тізімін осы жерден көре аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1109409-qazaq-baluany-ozbekstan-atynan-olimp/