Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аңызға айналған боксшы Головкин мен Альварестің жекпе-жегіне қатысты ойын айтты

Опубликовано:

Егер қазақстандық Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегі болса, онда «Канело» нағыз бомбаның» астында қалады, деп санайды аңызға айналған мексикандық боксшы Хуан Мануэль Маркес.

Бұл туралы GGG тобының ВКонтакте әлеуметтік желісінде хабарланған деп жазады Қазақпарат.

Еске сала кетейік, нақ осы Х.Маркес 2012 жылы әлемдік бокстегі супержұлдыз Мэнни Пакьяоны ең ауыр нокаутқа жіберген болатын. Көптеген БАҚ бұл жекпе-жекті «жыл ұрысы», мексикандықтың нокаутын «жыл нокауты» деп атаған болатын. Филиппиндік Мэнни Пакьяо осы ұтылыстан кейін бір жылға дерлік уақыт рингіге шыға алмай қалған еді.

«Альварес - көп қозғалмайтын боксшы. Ол қарсыласының алдында тұрып алады да корпуспен қорғаныс қозғалысын пайдаланады. Головкин тікелей шабуылға шығып, қарсыласына қарай қарсы жүреді. Альварес үшін бұл оның техникалық дағдыларына елеулі сын болады», - деп санайды сарапшы.

Оның айтуынша, Геннадий Головкин корпуспен көп қозғалмайды, шабуылмен әрекет етеді.

«Әрине, «Канелоға бұл кеште нағыз бомба жауады. «Канело» үнемі өзін ортада ұстап, арқанға қысып тастауына жол бермеуі тиіс. Сондай-ақ ол солға және оңға орын ауыстырып отыруы тиіс, «әйтпесе бір орыннан GGG-нің қозғалмайтын нысанасына айналуы мүмкін. Сауль комбинациялар қолданып, соққыдан арақашықтықты сақтай білуі қажет, бұл оның қолынан келеді. Головкин бұл ұрыста комбинациялармен әрекет етуі тиіс. Оны күтуге болады. Қазақстандық өзінің ұрыстарымен және нокауттарымен осындай ұрыстарда фаворитке айналды», - деп атап өтеді Х.Маркес.

Кейбір мәліметтерге қарағанда Головкин-Альварес көптен күткен ойыны қыркүйекте болмақ. Ұрыс болатын күн жөнінде екі тараптан  да әзірге ресми қуаттау түскен жоқ. Промоутерлері жоспарланып отырған Головкин-Альварес жекпе-жегі туралы ресми қуаттау жасаған жоқ.

Дегенмен Головкин орта салмақта жеңілмеген боксшы. Өзінің шалт қимылымен және белсенді алға жылжуымен қарсыласын бұқтырып тастайды.

Сауль Альваресте қазіргі кезде  осы кездесудіңң бірнеше уақытша нұсқасы бар. Бірақ та ол осы жекпе-жекте барын ортаға салуы тиіс. Головкин бүгінде WBA, IBO, WBC (Interim) және IBF белбеулерінің иесі.

Сонымен қатар оқыңыздар:

Ресей спорт министрі допингпен ұсталған атлеттер үшін кешірім сұрады

Қазақстан құрамасы шешуші ойында Латвиядан жеңіліп қалды

Геннадий Головкин сүйікті боксшыларын атады

Қанат Ислам өзге елдің алдында Головкинмен жекпе-жекке шықпайтынын мәлімдеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1128432-meksikandyq-boksshy-golovkin-men-alv/