Аршавин Алматыда ең қымбат саналатын пәтерлердің бірін сүйіктісіне жалдады

Опубликовано:

Футболшы Андрей Аршавин 34 жастағы ғашығы Алиса Қазьминаны Алматыда қымбат пәтер жалдап күтіп алмақ. Бұл туралы Starhit.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Екі жатын бөлмесі бар қымбат пәтер Esentai тұрғын үй кешенінің ең соңғы қабатында орналасқан. Бұл тұрғын үйден пәтерді Аршавиннің командадағы әріптесі Анатолий Тимощук те жалдаған.

Минимализм стилінде жиһаздар жайғастырылған пәтерлерді көрші The Ritz-Carlton қонақ үйін жинайтын қызметкерлер тазартып отырады. Киім жуу қызметі де қарастырылған.

Алиса Казьмина Қазақстанға сәуірдің соңында ұшып келуді жоспарлаған. Алайда, отбасы оқу жылының аяқталуын күтуді ұйғарған. Себебі, Казьминаның үлкен қызы әлі мектепте оқиды.

Айта кетерлігі, «Қайрат» командасында ойын көрсетіп жүрген Аршавин үш айдың ішінде бір рет қана қарсыластың қақпасына гол соққан. Онымен бір командада ойнайтын әріптестері өздерімен салыстырғанда Аршавин әлдеқайда жоғары жалақы алатынын сөз қылатын көрінеді. Сондай-ақ, Аршавиннің айлығын санағыш құрал өзгелерге қарағанда бірнеше минут ұзақ санайды деп әзілдейді екен. Бұған қарамастан, "қайраттықтар" жаңа ойыншыны өз қатарларына тез әрі жылы қабылдаған.

Аршавинді Алматыдағы ең танымал дүкен Essentai Mall-да немесе Union барында жиі кездестіріп жатады. Футболшының денсаулығын ORHUN MEDICAL орталығының ең таңдаулы дәрігері Максим Галушкин қадағалауында ұстайды. Спортшы клиникаға соңғы рет бір ай бұрын келіпті.

Осы аптада Ресей құрама командасының экс-капитаны Аршавин 35 жасқа толу мерейтойын атап өтеді. Спортшы бұрынғы әйеліне балаларын шетелге шығаруға тыйым салады екен. Сол себепті, Аршавиннің бұрынғы әйелі әрі тележүргізуші Юлия Барановская және туған үш баласы - Яна, Артем, Арсения мерекелік кешке қатыспайды. Спортшы олармен араласуды тоқтатқан көрінеді. Тіпті Янаны 8 жасқа толған туған күнімен құттықтамаған екен.

«Андрей Сергейұлы бұрынғы әйеліне алимент бойынша бар қарызын өтеп тастаған. Ол 8 миллион рубль шамасында болған еді», - дейді спортшының қорғаушысы Андрей Тындик.

Тағы оқыңыз:

Ресейлік 11 жеңіл атлет Бейжің Олимпиадасында допинг қолданды деп күдіктелуде

Головкиннің әлеуетті қарсыласы Альварес сотқа шақыртылды

Ирландиялық боксшы командасымен Бораттың киімін киіп, Головкинге сәлем жолдады

Петропавлда Винокуровтың жейдесі жарты миллион теңгеге сатылды

Қытайда болашақ олимпиада чемпионын дайындау үшін балаларды қалай азапқа салады?

Назым Қызайбай бокстан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1137580-arshavin-almatyda-enh-qymbat-sanalatyn/