Денис Лебедев: Шүменов жақсы боксшы, бірақ менен мықты емес

Опубликовано:

WBA және IBF нұсқалары бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы, ресейлік Денис Лебедев алдағы бірнеше айда кездесуі мүмкін әлеуетті қарсыласы - қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов туралы пікірімен бөлісті, деп жазады sports.ru.

«Жекпе-жек күнін белгілесін, оған дайындаламыз. Бұл жекпе-жекті өткізгім келмейтінімнің жалғыз себебі - оның бір рет, одан кейін екінші рет болмай қалу мүмкін екенінде. Егер Шүменовтің спорттық жолын қадағаласаңыздар, бұл жағдайдың үнемі орын алып отыратынын көресіз. «Үнемі» сөзін бөліп көрсетсеңіздер де болады. Қазір менің жағдайым жақсы, бұл үзілістер маған керек емес. Уақытқа бағынышты болғандықтан, жекпе-жекті тездетіп өткізгім келеді. Шүменов - жақсы боксшы, бірақ мен одан мықтымын», - деді Лебедев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1141496-denis-lebedev-shumenov-zhaqsy-boksshy-bi/