Қанат Ислам Альвареспен спаррингке шығудан бас тартқан

Опубликовано:

Орташа салмақтағы қазақстандық кәсіби боксшы Қанат Исламға мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен спаррингке шығу туралы ұсыныс түскен еді.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

«Қазір мен WBA рейтингінің бесінші орнындамын. Бұл тізімнің алғашқы ондығында тұрған боксшылар әлем чемпионымен жекпе-жекке шығуға үміттене алады. Өз кезегінде чемпионға да бұл шайқас қызық болуы мүмкін. Альварес осының алдында өткізген шайқасына дайындық кезінде маған онымен спаррингке шығу туралы ұсыныс жасады. Бірақ, мен бас тарттым. Егер мен сол кезде келіссем, ол келешекте менімен рингке шайқасқа шықпай жатып, қыр-сырымды біліп алған болар ед», - дейді Қанат.

Сондай-ақ қазіргі уақытта Қанат рингте болашақта жұдырық түйістіретін ықтимал қарсыластарымен хат арқылы хабарласып жүр.

«Күніне он шақты хат жазып-алысамыз. Мен жазамын, маған жазады. Үздік боксшылармен көз түйістіргім келеді. Тамызда бокс-шоу өткізіледі. Сол жерде өнер көрсетуге дайындалып жатырмын. Кіммен шықсам да маған бәрібір. Себебі мен шайқасқа әрқашан дайынмын», - деп қорытындылады Ислам.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1149206-qanat-islam-alvarespen-sparringke-sh/