БАҚ: Ильин мен Чиншанло Олимпиада алтындарынан айырылуы мүмкін

Опубликовано:

Ауыр атлетикадан Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильин мен Лондон Олимпиадасының чемпионы Зүлфия Чиншанло допинг күдігіне ілікті.

Азиялық БАҚ-қа сілтеме жасаған Oasport.it-тің ақпараты бойынша, ауыр атлетикадан Олимпиаданың екі дүркін чемпионы және әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильиннің 2012 жылғы Олимпиада кезінде алынған допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткен.

Бұл ақпарат расталса, Ильин Олимпиаданың алтын медалінен айырылып, 2016 жылы Риода өтетін Олимпиадаға қатыспайды, деп жазады Sports.kz-ке сілтеме жасап Қазақпарат.

Сондай-ақ, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанлоның допинг-сынамасы оң нәтижесін берді. Бұл туралы қытайлық China Post басылымына сілтеме жасап Қазақпарат хабарлайды.

22 жастағы Чиншанло Лондондағы Олимпиада ойындарында жеңіп алған алтын медальдан айырылуы мүмкін. Барлығы «Б» сынамасын ашқан соң белгілі болады.

Лондондағы Ойындарға қатысып, алтын жүлделерді жеңіп алған бес ауыр атлеттің допинг-сынамалары оң нәтиже көрсеткені хабарланып отыр, деп жазады ТАСС.

Бұған дейін Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2012 жылғы Ойындардың 23 спортшысының «А» допинг-сынамаларының қайта талдауы оң нәтиже бергенін хабарлады. Бұл атлеттер алты елден келіп, спорттың бес түрінен қатысты. ХОК сынамаларды қайта тексеруді шешіп, Бразилиядағы Олимпиада ойындарында шығуы тиіс спортшыларға баса көңіл бөлді.

Тағы оқыңыз:

Қазақстанның барлық өңірі бойынша Ораза айының кестесі жарияланды

Отандық миллионер Қазақстандағы ірі жер иелерінің тізімін жариялауды ұсынды

БАҚ: Ана тілін онша білмейтін Самат Смақов отандық емес, легионер футболшы атануы тиіс

Алматыда жазасын өтеп жатқан келіншек изолятор қызметкерлері зорлады деп шу шығарды

Сегіз жылын жындыханада өткізген Маржан Тұрлыбаеваны әкесі іздеп келді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1149580-baq-ilya-ilinninh-qanynan-doping-taby/