Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі боксшы Мұхаммед Әли қайтыс болды

Опубликовано:

АҚШ-та тыныс алу проблемаларына байланысты ауруханаға жатқызылған есімі аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әли жұма күні қайтыс болды.

Бұл туралы шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап Қазақпарат хабарлайды.

74 жастағы Әли соңғы бірнеше күн жатқан Финикс ауруханаларының бірінде көз жұмды. Американдық телекомпанияға спортшының өлімі туралы ақпаратты оның отбасының өкілі растады, деп жазады РИА Новости.

Британдық Mirror басылымы 3 маусымда 74 жастағы американдықтың ауруханаға тыныс алу проблемаларына байланысты жатқызылғанын хабарлады. Кейінірек американдық Финикстегі емхана дәрігерлері есімі аңызға айналған боксшының туыстарына оның халі өте нашар екенін жеткізді.

Дәрігерлер Әлиді Финикс ауруханасынан шығару мәселесін қарастырды, алайда бұл пациент үшін ауыр болады деген ұйғарымға келді.

Айта кеткен жөн, Мұхаммед Әли 1960 жылы Олимпиада чемпионы болды. 1999 жылы «Ғасыр спортшысы» атанды. Үш мәрте WBC нұсқасы бойынша ауыр салмақтағы абсолютті чемпион атағына қол жеткізген. Кәсіби рингте 61 кездесу өткізіп, оның 56-сында жеңіске жетті. 37 жекпе-жекті мерзімінен бұрын нокаутпен аяқтаған.

Тағы оқыңыз:

БАҚ Илья Ильиннің қанынан допинг табылғанын хабарлады

Қазақстанның барлық өңірі бойынша Ораза айының кестесі жарияланды

Отандық миллионер Қазақстандағы ірі жер иелерінің тізімін жариялауды ұсынды

БАҚ: Ана тілін онша білмейтін Самат Смақов отандық емес, легионер футболшы атануы тиіс

Алматыда жазасын өтеп жатқан келіншек изолятор қызметкерлері зорлады деп шу шығарды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1149598-aty-anhyzgha-aynalghan-boksshy-mokhammed/

pixel