Алпауыт актёр Криштиану Роналдудың «басын жарамын» деп қорқытты

Опубликовано:

Исландия елінен шыққан алпауыт актёр Хафтор Бьёрнссон ғаламтор арқылы «Реалдың» маңдайалды шабуылшысы әрі Португалия құрамасының футболшысы Криштиану Роналдуға қатаң ескерту жасады деп хабарлайды 24.kz.

«Игра престолов» телехикаясындағы Тау кейіпкерін сомдайтын әртіс «егер Роналду Еуро-2016 матчында Исландияға гол салатын болса, оның басын жаратынын» айтты.

«Мен Хафтор Бьёрнссонмын. «Игры престолов» телехикаясында Тауды сомдаймын. Және де менің Криштиану Роналдуға айтатыным бар. Сенің бірінші матчта Исландияға қарсы алаңға шығатыныңды білемін. Егер сен менің командама гол салатын болсаң, сені тауып алып, басыңды жарамын», - дейді қара күш иесі.

Десе дегендей-ақ, 27 жастағы Бьёрнссонның бойы 206 см болса, салмағы шамамен 170 келі болады. Алуан түрлі күрделі жаттығуларды орындаудан бірнеше рет әлемдік рекорд жасаған ол, ғаламшардағы ең мықты адамдардың бірі болып танылған. Ал Португалия құрамасы Исландия командасымен жасыл алаңға 14 маусымда шығады.

Тағы оқыңыз:

Қазақстанда 9 маусым ұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Назарбаев: Қолына қару алып, кісі өлтірген адам өлім жазасына кесілуі қажет

ҰБТ-дан 125 балл жинаған павлодарлық түлек үш жыл бойы әлеуметтік желіні пайдаланбаған

Ақтөбе іргесіндегі ауылда лаңкестікке қатысы бар күдіктілердің бірі іздестіріліп жатыр

ҰҚК Ақтөбедегі балалар лагеріне оқ атылды деген ақпараттың таралуын түсіндірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1154249-alpauyt-akter-krishtianu-ronaldudynh/