Бастиан Швайнштайгер әйгілі сербиялық теннисшімен үйленетін болды (фото)

Опубликовано:

Футболдан Германия ұлттық құрамасы мен Англияның «Манчестер Юнайтед» клубының жартылай қорғаушысы Бастиан Швайнштайгер мен әлемнің экс-бірінші ракеткасы ракетасы, сербиялық Ана Иванович Еуро чемпионаты аяқталған соң үйленеді.

Бұл туралы Bild агенттігі хабарлады деп жазады baq.kz.

Аталған БАҚ-тың жазуынша, Бастиан мен Ана қонақтарға шақыру билетін таратып қойған. Үйлену тойы Еуропа чемпионаты аяқталған соң 12 шілде күні өтеді. Әзірге үйлену тойы өткізу үшін қай жердің таңдалғаны құпия сақталып отыр. Қонақтар арнайы жеке ұшақпен алдыратын болады.

Айта кетейік, Еуропа чемпионаты 10 маусымда басталған болатын. Енді 10 шілдеге дейін жалғасады.

Иванович 2008 жылғы «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазы болса, Швайнштайгер Германия және «Бавария» командаларымен көптеген жетістікке қол жеткізген.

Екі жастың махаббаты 2014 жылы басталған. Бұл жұпты неміс теннисшісі Андреа Петкович таныстырған. Бастиан осының алдында неміс моделі Сара Бранднермен жүрген еді.

Тағы да оқыңыздар:

Ел жастарын Сириядағы жиһатқа шақырған үндеулер ғаламтордан әлі алынбаған

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны құрсақтағы сәбидің жынысын ауыстыра алады

Божко украиналық саясаткерді не үшін "жезөкше" деп атағанын түсіндірді

Билік басындағы ана тілін білмейтін шенеуніктер

Алматыда бір жарым жастағы інісін өзенге құлатып алған әпкесі онда фотоға түспек болған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1161097-bastian-shvaynshtayger-aygili-serbiyal/