Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболшы Асхат Тағыберген "Ақтөбе" клубынан 17 млн теңге өндіріп алды

Опубликовано:

Футболшы Асхат Тағыберген "Ақтөбе" футбол клубынан 17 млн теңге өндіріп алды. Бұл жөнінде облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Керек-инфо.

Қазақстан құрамасы мен елордалық "Астана" клубының ойыншысы Асхат Тағыберген бұрынғы командасынан 17 миллион теңге қарыз өндіруді талап еткен еді. Оның 11 млн теңгесі - футболшының 2 айлық жалақысы. Ал қалған қаржы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін берілуі тиіс өтемақы мен төленбеген жалақының өсімпұлы болатын.

Сот талқылауы барысында еңбек заңнамасының өрескел бұзылғаны анықталды. 2014 жылдың 3-қаңтарында футболшы мен клуб арасында бір жылға келісімшарт жасалған. Алайда, 2016 жылдың 4 қаңтарында келісімшарт бұзылады. Облыстық соттың мәліметінше, футболшы өз міндетін толықтай атқарған.

Алайда "Ақтөбе облыстық футбол клубы" АҚ еңбек шарттары бойынша өзіне тиесілі міндеттемелерін орындамаған. Еңбек заңына сәйкес, жалақысы үш күннен кешіктірмей төленуі тиіс болатын.

Асхат Тағыберген сотта жеңіске жетті. "Ақтөбе" футбол клубы енді футболшыға 17 млн теңгеден астам қаражат төлейді. Бұл қаржыға оның екі айлық жалақысы, еңбек демалысының пайдаланылмаған күніне берілуі тиіс өтемақы мен төленбеген жалақының өсімпұлы кіреді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Тағы да оқыңыздар:

Қарағанды облысында "Сібір жарасынан" көз жұмғандарды дәрігерлер бірнеше күн тентіреткен

Астанада үйін жарып жібермек болған Мейрамовтар отбасы берілген жоқ

Президент әкімшілігін басқарғандардың қайсысы халық есінде қалды?

АҚШ-ты көрген қазақ баласы Қазақстаннан саналы түрде бас тартты

Қазақстан құрамасының жаңа бапкеріне 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысу туралы талап қойған

Еркектер көріксіз әйелдерге ғана мүшеқап пайдаланатын болып шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1171386-futbolshy-askhat-taghybergen-aqtobe-klu/

pixel