Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өз тобында бірде-бір рет жеңбеген Португалия жартылай финалға шықты

Опубликовано:

Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалында сынға түскен Польша мен Португалия құрама командалары Марсель қаласында кездесті деп жазады egemen.kz.

Тартысты өткен жекпе-жекте Португалия құрамасының жолы болып, кезекті рет жартылай финалға шықты. Ойын бастала сала бірден шабуылға көшкен поляктар небәрі 2-минутта-ақ есеп ашып үлгерді. Роберт Левандовскидің соққан голы Еуропа чемпионатының тарихындағы ең жылдам голдардың біріне айналды.

Португалдар осыдан кейін таразы басын теңестіру үшін барын салды. Жас талант, 18 жастағы Ренату Саншеш бірінші тайм аяқталмай жатып, 33-минутта мергендігімен көзге түсіп, маңызды допты тоғытты. Осының арқасында дүбірлі доданың плей-офф кезеңінде гол соққан ең жас ойыншы атанды.

Бір қызығы, Португалия құрамасы биылғы Еуропа чемпионатында өткізген барлық 5 ойынында негізгі уақытты тең есеппен аяқтаған екен.

Қос команда осыдан соң қаншама қауіпті шабуыл ұйымдастырса да, есеп өзгеріссіз қалды. Матч соңындағы пенальти сериясында Криштиану Роналду бастаған команда мүмкіндігінің бәрін пайдаланып, ½ финалға жолдама алды. Ал Польша құрамасынан Якуб Блащиковски қақпашы Руи Патрисиудан айласын асыра алмады.

Тағы да оқыңыздар:

Жазғы каникулға шыққан депутаттар шетел асып, теңіз жағасында қыздырынбақ

ОҚО-да қазақша жаза алмайтын баспасөз хатшысы жергілікті журналистерге жақпай қалды

Бас прокурор 6 адамды қағып, бір жігіттің өліміне себепкер болған Мақсат Үсеновті ақтап шықты

Америкалық жігіт өзінің iPhone-нына үйленіп, шіркеуде некесін қиды

Көкшетауда жоғалып кеткен жігіттің денесі бөлшектелген күйінде табылды

АҚШ армиясында 2 жарым мыңнан аса трансгендер қызмет етуде

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1177075-oz-tobynda-birde-bir-ret-zhenhbegen-port/

pixel