Қазақтың боксшы қыздары әлемдік рейтингте топ бастады

Опубликовано:

Бокстан қазақ қыздары арасынан шыққан 2 дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай АІВА рейтингінде көш бастады.

Аталған рейтингке 13 қазақстандық боксшы енді. Бокстан Әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай өз салмақ дәрежесінде көш бастаса, 81 келіден жоғары салмақта Ләззат Күнгейбаева топ жарды.

Айта кетейік, Жайна Шекербекова, Дина Жоламан және Валентина Хальзова аталған рейтингте өз категориялары бойынша екінші орынға енді. 45-48 келі салмақта:

48 келіге дейін: Назым Қызайбай – 1-орын (2400 ұпай);.

48-51 келі салмақта: Жайна Шекербекова – 2-орын (1 350 ұпай).

51-54 келі салмақта: Дина Жоламан – 2-орын (1 700 ұпай).

54-57 келі салмақта: Жанна Басқаева – 24-орын (200 ұпай).

64 келі салмақта: Зарина Цолоева – 14-орын (500 ұпай); Мадина Нұршаева – 25-орын (140 ұпай).

69 келі салмақта: Валентина Хальзова – 2-орын (1 200 ұпай); Гауһар Ермекбай – 22-орын (150 ұпай).

75 келі салмақта: Виолетта Князева – 16-орын (500 ұпай); Дариға Шакимова – 23-орын (250 ұпай).

81 келі салмақта: Мөлдір Бозарбаева – 16-орын (150 ұпай)

81 келіден жоғары: Ләззат Күнгейбаева – 1-орын (2 150 ұпай)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1188392-qazaqtynh-boksshy-qyzdary-alemdik-reyt/