Сабина Алтынбекованың тағы бір бәсекелесі пайда болды (фото)

Опубликовано:

Доминикан Республикасының волейболшысы 21 жасар Уинифер Фернандез ғаламтор жұлдызына айналды. Оның белгісіз бір жанкүйері клип жасап, YouTube желісіне салғаннан кейін бір аптаның ішінде оны бір миллион адам қарап шықты.

Бүгінде көптеген бұқаралық ақпарат құралдары Уинифер Фернандезді әлемнің ең әдемі волейболшы қызы деп атап отыр. Өз командасында ол «либеро» позициясында өнер көрсетеді деп хабарлайды Baq.kz.

Айта кетсек, бұған дейін 21 жастағы ресейлік Алиса Маненок "әлемнің ең сұлу волейболшысы" деген атқа ие болып, Азияның ең сұлу волейболшысы атанған Сабина Алтынбекованың жолын ораған.

Еске сала кетсек, Қытайдың Тайбэй қаласында өткен қыздар арасындағы волейболдан Азия чемпионатында қазақстандық Сабина Алтынбекова ғаламтордың жұлдызына айналған болатын. Тайвань, Жапония және Азияның басқа да мемлекеттері Алтынбекова туралы бірнеше репортаж әзірлеп, жанкүйерлер оны жапондық аниме бейнесімен салыстырып, сан алуан коллаждар жасады.

Сабина Алтынбекова туралы видеоны YouTube-та 2 млн адам қарап шықты. Daily Mail шолушысы атап көрсеткендей, бүкіл чемпионат Сабина Алтынбекованың көлеңкесінде қалған.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанда параны ең көп алатын мемлекеттік органдар қайсысы?

Мәдениет және спорт министрі қажылыққа кеткендерді қатаң бақылауға алуды ұсынды

Алматыдағы қанды қырғыннан соң полицейлерді жаппай тексеріс күтіп тұр

Алматыда арнайы операция не үшін өткізілді?

Алматыдағы атыста қаза тапқан Аян Ғалиев ұлының өмірге келуін 10 жыл күткен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1196303-sabina-altynbekovamen-taghy-basekele/