Денис Тен жапондық анименің кейіпкеріне айналды (фото)

Опубликовано:

Танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен жаңа жапондық анименің кейіпкеріне айналды. Бұл туралы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері атанған Денис Тен жапондық режиссер Ямамото Саенің «Юри мұзда» атты анимесінде кейіпкерлердің біріне айналды. Мультипликациялық фильмнің көрсетілімі 2016 жылдың қазанында өтеді.

Режиссер Ямамото Сае тұңғыш рет мәнерлеп сырғанау тақырыбы аясында аниме құрды. Онда спортшы Кацуки Юридің талай жеңілістерге мойымай әлемді мойындатқаны туралы баяндалады.

Анимеде кейіпкерлердің бірі атанған Денис Тенге Қазақстанның туы және қазақша оюмен безендірілген киім кигізілген. Ол өзге танымал мәнерлеп сырғанаушылармен бірге анимеде көрсетілетін болады. Аниме күзде көрермендерге жол тартады.

Татьяна Аладьинаның материалынан аударылды.

Тағы оқыңыздар:

Сарапшылар Астана мен Алматыда пәтерге неше жыл ақша жинау керектігін есептеп шықты

Ақтөбеде экс-депутат Өндіргенов 4 жылға бас бостандығынан айырылды

Шымкенттік әйел із-түссіз жоғалған егіз ұлдарын шарқ ұрып іздеп жүр (фото)

Түрік дипломаттары қазақ-түрік лицейінен балаларын жаппай алып кетуде

Әлемдік рейтингте қазақтың ұлттық киімі үздік бестікке енді (фото)

Полицейлер ОҚО-ның Мақтарал ауданындағы қақтығыс жайлы айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1207812-denis-ten-zhapondyq-animeninh-keyipker/