Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада бағдарламасына жаңадан бес спорт түрі енгізілді

Опубликовано:

2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Жапония астанасы Токиода өтеді. Бүгін Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мен «Күншығыс еліндегі» әлемдік бәсекені ұйымдастыру комитеті додаға енген жаңа 5 спорт түрін атады.

Бұл туралы Массагет хабарлайды.

Төрт жылда бір рет төрткүл дүние спортшыларының басын біріктіретін әр Олимпиада ойындарының өзіндік ерекшеліктері болады. Жаңа спорт түрлері енгізіліп, кей спорт түрлері алынылып тасталып та жатады. Мәселен, осыдан бірнеше жыл бұрын дәл осы Токиода өтетін Олимпиадаға күрес спорты енбей қалуы мүмкін деген де ақпараттар жарияланған-ды. Кейін ХОК пен Жапония Олимпиада ұйымдастыру комитеті күресті бағдарламалардың қатарына қосты. Сондай-ақ жаңа 5 спорт түрі қосылып отыр.

Софтбол/бейсбол

Бейсбол спорты ресми түрде Олимпиада ойындарындағы спорт түрлері қатарына 1992 жылы Барселонада өткен додада еніп, медальдар сарапқа салынды. 2006 жылы софтбол мен бейсбол ХОК шешімімен Олимпиадалық спорт түрлері қатарынан алынылып тасталған болатын. Бүгін белгілі болғандай, бейсбол Олимпиада ойындарына қайта оралып отыр.

Негізінен софтбол – бейсбол спортының бір түрі саналады. Бейсболдан басты айырмашылығы – көп жарақат алмаудың жолдары басты назарға алынған. Көбіне әйелдер мен жасөспірімдер арасында ойналады.

Карате

«Күншығыс елі» өз елінде өтетін Олимпиадаға ұлттық спорты каратені қосуға барынша талпынған-ды. Бұл мақсаттарына жете білді.

Карате 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына енеді деп күтілді. Кейіннен ХОК дауыс беру отырысында бұл спорт түрі жоғары ұпайға ие бола алмай, енбей қалған-ды. Каратенің Олимпиадаға енбей келуінің бір себебі – спортшылардың көп жарақат алуы еді.

Құзға өрмелеу

Құзға өрмелеу - әлемдегі аса танымал спорт түрлерінің қатарына жатпайды. Көп адамдар хобби мен көңіл көтеру үшін айналысады. Қазіргі таңда бұл спорт түрімен кәсіби түрде айналысатындардың қатары көбейіп келеді. Осыған дейін құзға өрмелеу спорты Олимпиададағы спорт түрлерінің қатарына енбеген. Токиодағы Олимпиадада алғашқы чемпиондар анықталатын болады.

Серфинг

Серфинг - кең тараған теңіз спорты болып табылады. Тау-тау толқынды бағындыратын бұл спорт түрінің хас шеберлері алғаш рет Токиода Олимпиада чемпионын анықтайтын болады.

Скейтбординг

Скейтбординг – экстремалды спорт түрінің бірі. Жылжымалы тақтай арқылы түрлі трюктер жасайтын спорт түрі 1930 жылдардың соңында пайда болған. Бүгінде бұл спорт түрінің түрлі стильдері мен трюктерінің түр-түрі бар. Олимпиада ойындарының қатарына алғаш рет еніп отыр.

«Күншығыс еліндегі» әлемдік бәсекені ұйымдастыру комитеті құзға өрмелеу спорты мен скейтбордингті Олимпиадаға жастардың қызығушылығы мен құлшынысын арттыру үшін қосқанын алға тартып отыр. Сонымен қатар, Жапониядағы доданың бағдарламасына енген 5 спорт түрінің келесі Олимпиадаларға қосылуы міндетті емес.

Тағы да оқыңыздар:

Шенеуніктердің миллионер ұл-қыздары елге бір тиын да салық төлемейді

Оңтүстікке келін болған якут қызы қалай қазаққа айналды?

Ерке Есмахан өзін «Мона Лизаға» теңеп, ел назарына ілікті

Еліміздегі қазақ тілінде еркін сөйлейтін танымал өзге ұлт өкілдері (фото, видео)

Аздап салмақ қосқан Мөлдір Әуелбекованы жұрт аяғы ауыр деп болжады (фото)

Күйеуіңіздің көзіңізге шөп салып жүргенін қалай байқауға болады?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1210797-olimpiada-baghdarlamasyna-zhanhadan/

pixel