Олимпиадаға қатысатын ең сымбатты он отандық спортшы

Опубликовано:

Бесінші тамыздан алтысына қараған түні Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. 26 спорт түрінен бағын сынайтан 104 отандық спортшыларымыздың ішінен ең сымбатты ондықты Comode назарға ұсынады деп хабарлайды NUR.KZ.

Дмитрий Коблов, жеңіл атлет, 40 метрге кедергілер арқылы жүгіріп өту

23 жастағы шымкенттік жеңіл атлет Дмитрий жастығына қарамастан, отбасылы. Дегенмен бұл оған жанкүйер болмаудың себебі бола қоймас.

Тимур Хайдаров, каноэмен 1000 метр, 200 метр қашықтықтарда ескек есуші

Тимур 20 жаста. Олимпиада қарсаңында ол Рачица қаласында өткен Әлем кубогынан алтын медаль иеленді. Хайдаров Ташкентте туып-өскен. Риода Тимур спринт-қашықтықтан жеңіске жетуден үмітті. Себебі онда дер кезінде қимылдаған кез-келген ескекші көш басынан бір-ақ шығуы мүмкін.

Данияр Елеусінов, боксшы, 69 келіге дейінгі салмақта қолғап түйістіреді

Даниярды еуропалық журналистер Лондондағы Олимпиадаға қатысқан ең сымбатты боксшы деп таныған. Данияр сымбатымен ғана емес, шеберлігімен де көш басында. Ол әлем чемпионы, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы, AIBA нұсқасы бойнша екі дүркін үздік боксшы, Рио олимпиадасының медаліне басты үміткер.

Данияр Астанада тұрады. Оның әкесі - бас жаттықтырушы. Бірнеше жыл бұрын Данияр қазақстандық гимнаст Анна Алябьевамен көңіл жарастырған болатын. Алайда екеуі көп ұзамай айырылысып кетті. Бүгінде Елеусіновтің өз отбасы бар.

Василий Левит, боксшы, 91 келіге дейінгі салмақта қолғап түйістіреді

Василий Левит 28 жаста. Ол - еліміз үшін бірінші болып Олимпиадада жолдама алған бокшсы.

Денис Уланов, ауыр атлет, 85 келіге дейінгі салмақта бағын сынайды

Олимпиада кезінде ауыр атлетикадан бар үміт Денис Улановта болып отыр. Денис Зыряновскіде туып-өскен. Жастайынан әкесінен айырылған азамат тағдыр тәлкегінен еңсесін түсірген емес.

Александр Зайчиков, ауыр атлет, 105 келі салмақта бағын сынайды

Қазақстандық ауыр атлет, әлем чемпионы, 2015 жылы Ресей президенті кубогының жүлдегері Александр Зайчиков Белоруссияда дүниеге келген. Кейін Қызылордаға көшіп келеді. Қазақ тілінде жақсы сөйлетінімен жұртты тәнті еткен Александр бүгінде 23 жаста.

Руслан Жапаров, таэквондошы, 80 келіден жоғары салмақта бағын сынайды

20 жастағы Руслан Жапаров олимпиада ойындарында Қазақстанның туын көтеруші болады. Жапаров Олимпиада ойындарына тұңғыш рет қатыспақ.

Владимир Исаченко пневматикалық қарудан атушы - 10 метр, пистолеттен - 50 метр

Владимир Исаченко – көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы, Катардағы Азия ойындарының жүлдегері, юниорлар арасында Әлем чемпионы. 33 жаста.

Елдос Сметов, дзюдошы, 60 келіге дейінгі салмақта бағын сынайды

Сметов - әлем чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері. 22 жастағы Елдос караокеде ән салғанды ұнатады.

Дмитрий Баландин, жүзуші

Отандық жүзуші, Азия ойындарының үш дүркін чемпионы, Универсиада жеңімпазы, Қазақстан рекордшысы Дмитрий Баландин 21 жаста. Алматыда дүниеге келген. Бос уақытында боулинг ойнап, киноға барғанды ұнатады.

Тағы да оқыңыздар: 

Ауылға әкесінің атын беріп, мешіт салдырған Зауытбек Тұрысбеков туралы не білеміз? (фото)

Қазақ боксшыларының Олимпиададағы алғашқы қарсыластары анықталды

Елімізде жетінші тамыздан бастап дизель отыны қымбаттауы мүмкін

Олимпиадаға қатысатын ең бай спортшылар кімдер?

Сириялық босқын қыз Германияда сұлулық ханшайымы атанды (фото)

Аиша күйеуі Бүркіт сыйлаған гаухар жүзігін көрсетіп мақтанды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1211501-olimpiadagha-qatystan-enh-symbatty-o/