Қазақстан құрамасы Рио Олимпиадасының ашылу салтанатында жүріп өтті (видео)

Опубликовано:

Қазақстан құрамасы Рио Олимпиадасының ашылу салтанатында жүріп өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спортшылар шеруін дәстүр бойынша, Грекия құрамасы бастады. Ал Қазақстан туын Олимпиада алқасына Қазақстан құрамасының үміті, таэквондошымыз Руслан Жаппаров көтеріп шықты.

Руслан - жас спортшы. Олимпиада жолдамасын үстіміздегі жылдың сәуір айында Филиппинде өткен лицензиялық турнирде ұтып алған болатын.

Ту ұстап шығу үшін Русланның таңдап алынуы жұртшылықты таң қалдырды. Дегенмен, Ұлттық Олимпиадалық комитеттің өз есебі бар: ұзаққа созылатын ашылу салтанатына жарысқа алғашқы күндерден қосылатын саңлақтарымызды қатыстырып, шаршатқысы келмейді. Ашылу салтанаты кезінде ту ұстаушы 4-5 сағат бойы тік тұруы тиіс.

Тіпті де оңай емес. Ал Руслан жарысқа 17 тамызда ғана қосылады. «Оған дейін шаршағаным басылып, жарысқа жақсылап әзірленіп үлгеремін», - деген еді Русланның өзі. Әрине, біз ту ұстаушымызға ерекше тілектеспіз.

Жалпы шеру кезінде 200-ден астам елден келген 12 мыңға тарта спортшы мен команда өкілдері жүріп өтеді. Қатысушылар соңында барлығы бір-бір ағаштан отырғызып, олимпиадалық саябақтың көркеюіне үлес қосады.

Естеріңізге сала кетсек, 1996 жылғы Атланта және 2000 жылғы Сидней Олимпиадаларында - Қазақстанның туын боксшы Ермахан Ыбырайымов, 2004 жылғы Афины Олимпиадасында - дзюдошы Асхат Жіткеев, 2008 жылы Бейжіңде - ауыр атлет Бақыт Ахметов, ал 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында грек-рим палуаны Нұрмахан Тінәлиев алып шыққан еді.

Жалпы, Рио Олимпиадасына Қазақстан намысын қорғауға 104 спортшы келіп отыр.

Тағы да оқыңыздар: 

Еш қымсынбай пара сұраған қазақстандық полицейлер швед азаматын шошытты

Мұхтар Тайжан: Елді дағдарысқа душар еткендер отставкаға кетуі тиіс

Алматы облысында ірі жол апатынан алты адам қаза тапты (фото)

Қазақстанның қаржысына өзге елде футбол алаңдары салынып жатыр

Талдықорғанда полицей екі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1212225-qazaqstan-quramasy-rio-olimpiadasyn/