Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ қызы тұңғыш рет Олимпиада ойындарында жүлде алды

Опубликовано:

Рио Олимпиадасында ауыр атлетикадан 69 келіге дейінгі салмақтағы зілтемірші қыздардың бәсекесі аяқталды. Бұл додада ел намысын Жазира Жапарқұл қорғаған болатын.

Жазира серпе көтеруде алдымен 111, кейін 115 келіні бағындырды. Алайда, үшінші мүмкіндігінде Жазираға 117 келі бағынған жоқ.

Ал Жазираның басты қарсыласы қытайлық атлет 116 келіні бағындырды.

Серпе көтеруде Жазира 140 келіні екінші мүмкіндігінде көтеріп, соңғы мүмкіндігінде 144 келіні еңсерді. Осылайша қазақ қызы Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды.

Алтын медаль Жазирадан екі келі артық көтерген қытайлық қыздың еншісінде кетсе, қоланы мысырлық атлет иеленді.

Еске сала кетейік, қазақ қыздары бүгінге дейін Олимпиада тұғырына көтерілген емес.

Афины Олимпиадасында төртінші орын алған көркем гимнастика шебері Әлия Юсупова мен Бейжің Олимпиадасында қола жүлдеге таласып, ұтылып қалған дзюдошы Шолпан Қалиевалар жүлдеге қол созым жерден тоқтаған болатын.

Жазира Жапарқұл Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген. Ол жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар. 

Тағы да оқыңыздар:

Қарны шығып кеткен спортшы жанкүйерлерді күлкіге қарық қылды (фото)

Ресейлік боксшы Олимпиадада ұтылғаны үшін Қадыровтан кешірім сұрады

Олимпиадада өзге елдің намысын қорғайтын қазаққа қатысы бар спортшылар кімдер? (фото)

Словениялық спортшы тікелей эфирдегі сайыс кезінде қаза тапты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1216331-zhazira-zhaparqul-alghashqy-zhattyghudan-k/

pixel