Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Майкл Фелпс 22 дүркін Олимпиада чемпионы атанды

Опубликовано:

Америкалық жүзгіш Майкл Фелпс 2016 Олимпиадада кешенді жүзуде 200 метр қашықтықты еңсеріп, өз мансабындағы 22-ші олимпиадалық алтынды қанжығасына байлады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аты аңызға айналған жүзгіш финалда 200 метрлікті бір минут 54,66 секундта жүзіп өтті.

Екінші орын 1.56,61 нәтижесімен Жапония өкілі Косуке Хагиноға бұйырса, қоланы қытайлық спортшы Ван Шуня (1.57,05) иеленді. Осы қашықтықта әлем рекордын орнатқан америкалық Райан Лохте (1.57,47) бесінші орынға тұрақтады.

Бұдан бұрын атақты америкалық жүзгіш Фелпс баттерфляй әдісімен 200 метрлік қашықтықта және еркін стиль эстафетасында жүзуден Олимпиада ойындарының екі алтынын еншілеген.

Фелпстің есебінда барлығы 26 медаль.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Рио-2016: 11 тамызда қазақстандық спортшылар қалай өнер көрсетті?

Қарағандыда үлкен салтанатпен ашылып, бір де бір ұшақ шығармаған зауыт сатылымға қойылды

Алматыда университет студенті жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)

Атырау облысында мемлекеттің миллиондарына салынған емхана құлағалы тұр

Өзбектің кербез әншісі Рамзан Қадыровпен кездесуге хиджаб киіп келді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1217900-maykl-felps-22-durkin-olimpiada-chempion/

pixel