Данияр Елеусіновтің анасы: Ұлым жекпе-жекке шыққанда басқа бөлмеге кетіп қалдым
Опубликовано:
Данияр Елеусіновтің анасы баласының сайысын көре алмай, басқа бөлмеге шығып кеткен. Бұл туралы «Мой город» басылымына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Ғалия Нұрмұқанқызы басқа бөлмеге барып, баласының тілеуін тілеген.
«Мен басқа бөлмеде болдым, жекпе-жекті көрмедім. Ұлым үшін, әрине, уайымдадым. Ол жеңді деп естігенде қатты қуандым. Бұл сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ұлым мен жолдасыма хабарлама жаздым, себебі олар бірден ала алмайды ғой», - дейді анасы.
Ғалия Нұрмұқанқызының айтуынша, олар Батыс Қазақстаннан Оралға 1998 жылы көшіп келген. Данияр кадеттер арасындағы Азия Чемпионатында жеңіске жеткен соң, Астанаға келген.
Даниярдың анасы ұлы үшін жанкүйер болғандарға алғыс білдіретінін айтты.
«Мен ол үшін тілектес болғандарға алғысымды айтамын. Қолдағандарыңыз үшін рахмет. Балама тіпті танымайтын адамдар да хабарлама жазыпты, сіздерге рахмет. Оны барлығы әлеуметтік желілерде де қолдады», - дейді чемпионның анасы.
Оның айтуынша, ұлы бұл жеңісін Қазақстанға арнаған.
Естеріңізге салсақ, 18 тамызға қараған түні қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимиадада жеңіске жетіп, «алтын» иеленген. Оралда Қадыр Мырза Әлі атындағы алаңда жекпе-жектің жаппай көрсетілімі ұйымдастырылған болатын.
Тағы оқыңыздар:
Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.
Ер кезегі үшке дейін: Ниязымбетов кубалықтан есе қайтара ма? (фото)
Бес баласының үшеуі ауыр дертке шалдыққан отбасының өмірі
Майкл Джексон секілді билеген Данияр Елеусінов жанкүйерлерін таң қалдырды (фото,видео)
Ауылында қанша өзен бар екенін білмейтін шенділер Сапарбаевтан сөз естіді
Қызылордада күйеуінен ажырасқан келіншектер секс-шоптың саудасын қыздыруда
Қазақстанда қалың мал мен той шығындары теңге бағамының құлдырауынан шарықтап кетті
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1225022-daniyar-eleusinovtinh-anasy-balasynynh/