RU

Өзбекстан боксшылары үш алтын алып, Қазақстаннан озып кетті

Бокстан Өзбекстан құрамасы Риодағы Олимпиада ойындарында 3 алтын алып, жалпы есепте бірінші орынға шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрші елдің құрамасы Рио Олимпиадасында 3 салмақта топ жарды. 48 келіде Хасанбай Дусматов чемпион атанса, 52 келіде Шахободдин Зойыров, 64 келіде Фазлиддин Гаибназаров чемпион атанды.

Бұдан бөлек Өзбекстан құрамасының қоржынында бокстан 2 күміс және 2 қола бар.

Ал Қазақстан боксшылары 3 салмақта финалға шықты. 69 келіде Данияр Елеусінов чемпион атанса, 81 және 91 келідегі Әділбек Ниязымбетов пен Василий Левит күміс жүлде иеленді. Аса ауыр салмақтағы Иван Дычко мен әйелдер боксынан Дариға Шәкімова қола жүлдегерлер қатарында.

Жалпы есепте Қазақстан боксшылары үздік үштікке де енбей қалды. Аса ауыр салмақта алтын алған Франция Қазақстан боксшыларын үшінші орыннан сырғытты.

Біздің боксшылар 1996 жылдан бері жазғы Олимпиада ойындарынан алтынсыз келген емес. Алайда, бір Олимпиадада үш бірдей боксшымыз алтын алған емес. Тек 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында ғана 4 қазақ боксшысы финалға шығып, екеуі алтын медаль иеленген.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақстан боксшылары жалпы есепте үздік үштікке де енбеуі мүмкін

Дариға Шәкімова бокстан Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

Иван Дычко жартылай финалда жеңіліске ұшырады

Әділбек Ниязымбетов: Қиянатқа қалай шыдауға болады, айтыңдаршы?

Әділбек Ниязымбетов: Ел үмітін ақтай алмағаным өкінішті

Финалда жеңілген Әділбек Ниязымбетов көз жасын тоқтата алған жоқ (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1227304-ozbekstan-boksshylary-ush-altyn-alyp-qa/