Головкин Афина Олимпиадасының финалында жеңілетінін алдын-ала білген
Опубликовано:
Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарында ресейлік Гайдарбек Гайдарбековпен жұдырықтасқан ақтық жекпе-жегіндегі төрешілердің әділетсіздігін еске алды.
Бқл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
«Сол кезде ресейлік ұтты. Шын мәнінде жеңген жоқ, бірақ ұтты. Бәрі дұрыс. Бұл менің тәжірибем, өмірімнің бір кезеңі. Мен мұның қалай жұмыс істейтінін түсінемін», - деген боксшының сөздерінен The Telegraph келтірді.
Геннадийдің айтуынша, финалға дейін бәрі белгілі болды. Бұл хабарды оған ресми тұлғалардың бірі жеткізген.
«Жартылай финалдан кейін маған: «Алтын медаль Қазақстанның бір ғана жігітіне беріледі, түсінесің бе?» деді. Мен: «Жарайды» дедім. Ол сөзін әрі қарай жалғады: «Бірақ саған берілмейді, бірінші орта салмақтағы боксшыға» (Бақтияр Артаевқа - ред.). Мен таң қалдым. Оны әбден сабап тастағаныма сенімдімін. Екінші раундтан кейін қанша ұпай болғаны есімде жоқ. Қазақстандық бапкер тоқтамай ұра беруді айтты, мен «Жақсы, жақсы» деп жауап бердім», - деді Головкин.
Тағы оқыңыздар:
Назарбаев Мәсiмовтiң ҰҚК-нің төрағалығына тағайындалу себебiн түсiндiрдi
Ұлттық банк халыққа жинақтарын алтынмен сақтауды ұсынады
Баян Есентаева эксклюзивті сұхбатының жалғасында жаңа құпияларымен бөліспек
Қарағандыда Геннадий Головкинге алтыннан ескерткіш қоймақшы (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1246404-golovkin-afina-olimpiadasynynh-final/