Самат Смақов жанкүйерлер алдында ең соңғы матчын өткізді
Опубликовано:
Қазақстандық футбол ардагері Самат Смақов ұлттық құраманың Румыниямен кездесу матчында соңғы ойынын ойнады. Аталған кездесуде қос құрама тең түсті деп жазады Хабар арнасы.
2018 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турнирінде футболшылар Смақовты шығарып салу рәсімін жасады. Футболшыға әріптестері көрсеткен қошеметтің видеосын «Ертіс» қақпашысы Давид Лория өз парақшасына жариялады.
«Бұл менің ұлттық құрамадағы соңғы ойыным. Мұндай шешім шығару, командамен қоштасу маған оңайға соқпады. Мен ұзақ ойландым. Бірақ жолды жастарға беру керек. Менің соңғы ойыныма келіп, қошемет көрсеткен жанкүйерлеріме шексіз алғысымды білдіремін. Футболдан кеткеніммен, ұлттық құрама қатарынан кеткенім жоқ. Бәлкім, бапкер ретінде қызмет етуім мүмкін», – деді футболшы сұхбатында.
Айта кетейік, 37 жастағы жартылай қорғаушы құрама қатарында 2000 жылдан бастап ойнап, 75 ойын өткізіп, рекорд жасаған. Мұндай нәтижеге Самат Смақовтан кейін Нұрбол Жұмасқалиев (55 ойын), Давид Лория (40 ойын) және Сергей Хижниченко (39 ойын) жетуі мүмкін.
Тағы оқыңыздар:
Әкесінің атына көше бермей, мектепті "6"-ға оқыған шенеунік (фото)
Суық тиіп ауырып қалған Назарбаев Баку мен Ереванға бармайтын болды
Мәдениет министрі өзін "қырындады" деп айыптаған студентімен сотта кездеседі
Алматы облысында 11 жастағы бала соқыр ішегіне жасалған отадан кейін, жарымжан болып қалған
Алматы облысында маскүнем күйеуі әйелін төрт баласымен далаға қуып шықты
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1280694-samat-smaqov-zhankuyerler-aldynda-enh-s/