Сом темірді қолымен майыстыратын атыраулық жігіт таң қалдырды (фото, видео)
Опубликовано:
Атырау тұрғыны Нұрбол Сәлімгереев анкерлі болттарды, арматураны майыстырып, ат тағасын иеді және көп адамның қолынан келе бермейтін нәрселерді жасайды деп жазады Ақжайық басылымы.
Нұрболдың айтуынша, студент кезінде ол спортқа әуес болған. Атап айтқанда, күреспен шұғылданатын, бірақ кейін спортты тастап кетті. Бірде интернеттен шымыр жігіттердің ғажайыптар жасап жатқанын көреді: олар карта колодасын қақ ортасынан жыртып, арматураны майыстырып, темір шынжырларды үзіп тастаған. Мұны көрген соң, ол менің де қолымнан келеді деп шешті. Ізденіп оқып, фильмдер қарай бастады.
"Бір күні досымның үйінен анкерлік болтты көзім шалды. Бұл қиындау іс болатын – олар жуандау әрі қаттылау. Бірақ уақыт өте келе оны да майыстыра алдым. Содан соң тағаны да иіп көрсем дедім. Бұған күш қана емес, техника да керек екенін түсіндім. Алғаш жамбасыма салып тағаны майыстырғым келген кезде аяғымда көгерген жерлер пайда болды. Осы жерде бұлшықеттерді шынықтыру керек екенін түсіндім. Спортзалға кеттім. Ол жерде «темірмен» шынықтым – жүрелеп отыру, жатып сығымдап көтеру, тұра тарту. Бұл жалпы денсаулық үшін пайдалы, егер, әрине, жүктеме дұрыс есептелсе", - деген Нұрбол мұның барлығын не үшін жасайтынын түсіндірді.
"Бастапқыда үйдегілер маған есің дұрыс па, басқа жасайтын шаруаң жоқ па дейтін. Бірақ, біріншіден, айтып өткенімдей, бұл адамды сауықтырады. Бастысы – әр уақытта алға талпынысың болады, бұл жерде шектеу жоқ. Джеймс Бергман деген американдық бар, ол өте қалың тағаны бүге алады, жер бетінде одан басқа ешкім бұлай істей алмайды. Мен де ешкім жасай алмайтын осындай басқа нәрселер жасағым келеді", - дейді Нұрбол.
Тағы оқыңыздар:
Балғынбек Имашев аруақтарға зиярат етіп, тұмар тағатындарды сынап тастады
Украинада енді орыс тілінде бірде-бір басылым шықпайтын болды
Ақылбек Жеменей кубалық әншіге "Қызыл өрікті" айтқызып қойды (видео)
Қазақстандықтар асыға күтіп отырған фильмді Назарбаев тамашалады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1304064-som-temirdi-bir-aq-qolymen-mayystyrat/