Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Илья Ильин: Төбемнен жай түскендей болды

Опубликовано:

Олимпиадада жеңіп алған медальдарымнан айырылып қалғанымды естіген кезде төбемнен жай түскендей болды. Бұл туралы мен отандық бұқаралық ақпарат құралдарынан білдім. Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада және төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин осылай деді деп хабарлайды Baq.kz.

«Олимпиада медальдарынан айырылғанымды қазақстандық БАҚ-тан білдім. Ұзақ созылған оқиға бүгін аяқталды. Мұның алдында мен сіздерге уәде берген болатынмын. Сол уәдемді орындап отырмын», - деді чемпион.

Илья Ильин бұл жаңалық оған ауыр соққанын айтты.

«Жаңалықты алғаш естіген кезде төбемнен жай түскендей болды. Маған өте ауыр болды. Өз-өзіме келу үшін зілтемір көтердім», - деді ол.

Сондай-ақ, Әлем чемпионы қиын сәтте қолдау білдірген халыққа алғыс айтты.

«Халыққа зор алғысымды білдіремін. Мен ешқашан жеңілген жоқпын. Сондықтан халықтың қиын сәтте көрсеткен қолдауы маған күш берді», - деді Ильин.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық Олимпиада комитеті Халықаралық Олимпиада комитетінен 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшы Илья Ильинге қатысты жаза қолданылғандығы туралы ресми хабарлама алды. Спортшының қанынан тыйым салынған препараттар табылған болатын.

Халықаралық Олимпиада комитетінің тәртіптік комиссиясы 2008 жылы Бейжіңде және 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 94 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің «А» және «В» допинг сынамаларының қосымша тексеру қорытындысы бойынша қазақстандық спортшыны сол Ойындардан шеттетіп, көрсеткен нәтижелерінің күшін жойып, жүлделерін қайтарып алу туралы шешім шығарды.

Спортшыға қолданылатын жазаның мерзімін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) анықтайды.

Тағы да оқыңыздар:

Ильин: Өкінішке қарай спорттық мансабым аяқталды

Алматыда кафе өртеніп жатыр (фото)

Назарбаев құрметіне аталған қандай нысандар бар?

"Иә, мен геймін": Роналду шын мәнінде не деп айтты?

Елорда атауы өзгертілген жағдайда Астана тұрғындарын не күтіп тұр?

Миллиардер "ханшайым" Гүлнар Каримова туралы не білеміз?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1326755-ilya-ilin-olimpiada-altynynan-ayyry/