Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бибісара Асаубаева: Ресей әнұранын естігенде бойымды ерекше сезім биледі

Опубликовано:

Қазақстаннан Ресейге ауысып кеткен 12 жастағы шахматшы қазақ қызы Ресей әнұранын қатты ұнататын айтты деп хабарлайды NUR.KZ порталы Sputnik -ке сілтеме жасап.

12 жастан енді ғана асқан Бибісара Ресей шахмат федерациясына неліктен ауысқанын түсіндіріп берді.

Оның айтуынша, Ресейдің бапкерлері мықты, оған дәлел - кеңестік шахмат мектебі. Бибісараның Ресейге ынтықтығы спорттық киімдерінен басталған екен.

"Маған ресейлік спорттық киім үлгісі ұнайтын. Мен оларға қарап, менде де осындай форма болса ғой деп қоятынмын. Әсіресе, Бразилияда Қазақстанның атынан қатысқан кезімде, бірінші орын алып, марапаттауға шығарда қатты армандадым. Менде әзірге бұл форма жоқ, бірақ Батумиде бірінші орын алып, Ресей әнұранын естігенде бойымды ерекше сезім биледі. Маған бұл әнұран қатты ұнайды», - дейді шын көңілмен жас шахматшы қыз.

Бибісара әйелдер арасында шахматтан әлем чемпионы атанып, нағыз шахмат тәжін кигісі келеді. Ал әзірге ол қазақстандық шахмат федерациясынан Ресейге ауысқаны үшін Мәскеу түбінен пәтерге ие болды.

Тағы да оқыңыздар:

"Қазақстан аруы-2016" байқауына қатысатын арулар кімдер? (фото)

Әсет Исекешев: Астана Әбу-Дабиден асып кетті

Оралда өз құрбыларын зорлап келген мектеп оқушысы он жылға колонияға түсті

Каспийдегі әскерилердің өліміне кінәлі офицерлер сотталып кетті

Ұлттық құраманы 22 жыл басқарған Алексей Ни отставкаға кетті

Түймебаевтан сөз естіген шымкенттіктер қақаған аязда жаппай ағаш отырғызуда

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1329157-bibisara-asaubaeva-resey-anuranyn-es/