Головкин әлемдегі ең қауіпті боксшылар тізімінде екінші орынға жайғасты
Опубликовано:
WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) әлемдегі ең қауіпті боксшылар тізімінде екінші орынға жайғасты деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасап Егемен Қазақстан басылымы.
ТОП-5 тізімін НВО арнасының комментаторы Джим Лэмпли жасады.
«Геннадий Головкин — біздің заманымыздың ең мықты боксшысы. Ол қарсыластарына өзіне соққы жасауға мүмкіндік береді, кей кездері ол маңдайынан осылайша соққылар алып жатады», — деді Лэмпли өзінің The Fight Game with Jim Lampley бағдарламасында.
HBO арнасының жүргізушісі бірінші орынға украиналық Василий Ломаченконы (7-1, 5 КО) қойған.
«Ол өз өмірінде ең қауіпті қарсыласпен шаршы алаңға шығып, бір соққы да тигізбей, керемет соққылар жасады. Ол осы әрекетімен, қазіргі уақытта оны жеңу — қиынға соғатынын дәлелдеді», — деді ол.
Сонымен қатар, үздік бестікке — никарагуалық Роман «Чоколатито» Гонсалес, америкалық Андре Уорд және ресейлік Сергей Ковалев кірді.
Тағы оқыңыздар:
Шамды құшырлана құшақтаған мысық желіде жұлдыз болды
Жолаушылар 50 сағат бойы Алматыдан ұша алмай отыр
Шымкенттегі жойқын жарылыстан зардап шеккен тағы бір азамат қайтыс болды
Есімовтің "ЭКСПО-2017" құрылысы туралы берген есебі кеңес мүшелерінің көңілін көтеріп тастады
Атыраулық шопан қасқырмен арпалысып, жеті жүз бас қойды аман алып қалды (фото)
ШҚО-да Қытай азаматы саяжайда кішкентай қызды зорламақ болды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1355907-golovkin-alemdegi-enh-qauipti-boksshyl/