"Барыс" хоккей клубының ең кішкентай жанкүйері қаза болды (фото)
Опубликовано:
"Барыс" хоккей клубының кішкентай жанкүйері Платон Даниленко жол апатынан қайтыс болды деп хабарлайды клубтың ресми сайтына сілтеме жасап Sputnik Қазақстан.
Платон Даниленко жасы кіші болса да, "Барыс" ХК ең берілген жанкүйері болған.
"Өз айдынымызда өткен матчтарда немесе фотосуреттер мен бейнежазбаларда осы бір бүлдіршінді көпшілігіңіз көрген шығарсыздар. Біздің команданың ең адал, ең ақкөңіл, ең берілген жанкүйері, "Барыс-2008" шәкірті Платон Даниленко жол апатында қыршынынан қиылды", — делінген хабарламада.
"Барыс" хоккей клубы баланың туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғыға байланысты көңіл айтады.
Тағы оқыңыздар:
Honda өзі жүретін мотоцикл құрастырды (видео)
Қазақстандағы православ христиандары Рождество мерекесін тойлап жатыр
Бейбіт Шүменов: Кіммен болса да жекпе-жекке шығуға дайынмын (видео)
Назарбаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады
«Қайратқа» Эстония чемпионы атанған қорғаушы ауысуы мүмкін
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1369024-barys-khokkey-klubynynh-enh-kishkentay-zha/