Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Геннадий Головкин: Қазір қиын жағдайда жүрмін

Опубликовано:

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы, төрт бірдей чемпиондық белбеудің иесі қазақстандық Геннадий Головкин америкалық Power радиосындағы The Breakfast Club бағдарламасының қонағы болып, ашық сұхбат берді деп хабарлайды Skifnews.kz порталы.

Сұхбат барысында Головкин алдағы жекпе-жегі жайында және өз қарсыластарының деңгейі туралы сынға жауап берді.

"Өзге боксшылардың менен неліктен қашатынын білмеймін, бұл менің проблемам емес. Бапкерім Абель Санчестен сұрап көріңіздер, бәлкім ол кісі білетін болар", - дейді қазақстандық боксшы.

Оның айтуынша, кез келген боксшы GGG командасымен келіссөздер жүргізе алады.

"Бәріңіз білесіздер, мен кіммен болса да кездесуге дайынмын. Кез келген боксшының келіссөз жүргізуіне ашықпыз. Қазір қиын жағдайда жүрмін. Бәрі айтады: "Мен мықтымын, сенімен келесі жекпе-жекті өткізуге дайынмын" деп. "Міне келісім, қолыңды қой да рингке шық" десем жоғалып кетеді. Ешкім менімен рингке шыққысы келмейді", - дейді Головкин.

"Рингке шығып алып, қорыққан кездеріңіз болды ма?" деген сауалға Головкин:

"Жоқ, ешқашан қорыққан емеспін. Маған бокс ұнайды, рингте өзімді өте жақсы сезінемін. Жекпе-жекті барынша қызықты етіп өткізуге тырысамын. Бұл мен үшін тек спорт", - деді ол.

Естеріңізге салайық, қазақстандық боксшы келесі кездесуін 18 наурыз күні Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобспен өткізеді.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанда қаржы жымқырды деп айып тағылған танымал тұлғалар кімдер?

Қазақстанда жақын күндері өткінші суық болады

Алматы облысындағы ХҚКО-те қаза болған ер адамның өліміне қатысты жаңа деректер шықты

Бокс маманы: Қанат Альвареспен шығатын болса, бірден жеңіледі

Трамп ұсынған кандидат "исламды ұлы сенім деп бағалап, мойындай бастағанын" айтты

Көп сыйақы алатын әлемдегі ең мықты 10 боксшы

Енді Тәжікстанның діни қызметкерлері мұсылманша неке рәсімін өткізе алмайтын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1373314-gennadiy-golovkin-qazir-qiyn-zhaghdayd/