Елеусінов Головкиннің жетістіктерін қайталай ала ма?
Опубликовано:
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов Данияр Елеусіновтің кәсіпқой боксқа ауысқандығы жөнінде өз ойымен бөлісті. Бұл туралы vesti.kz сайтына сілтеме жасап Егемен Қазақстан хабарлады.
«Даниярдың кәсіби деңгейге қадам басатынын біліп жүрдік. Ол әуесқой бокста мүмкін болған жетістіктің бәріне жетті. Әлем, Азия, Олимпиада чемпионы атанды. Тәжірибесі де көп. Головкиннің деңгейіне жетеді деп сенімді түрде айта аламын. Арманын жүзеге асыру үшін бойында бәрі бар», – деді Айтжанов.
«Даниярдың келісімшартын көрмегендіктен анық-қанығын білмеймін. Келесі Олимпиадаға қатысатындығы белгісіз. Әрине, Елеусіновтің орны ерекше. Бірақ ұлттық құрамада 69 келіде лайықты өнер көрсететін боксшыларымыз жеткілікті», – деп қосып қойды бапкер.
Қазақстандық спортшының жеке бапкері болып әкесі Марат қала бермек. Жаттығу лагері АҚШ-тың Флорида штатында орналасқан. Мұнда ол қосымша америкалық мамандармен жаттығады.
Айта кетейік, Данияр орта салмақта (66 кг дейін) бокстасады. Промоутерлік компаниямен келісімшартқа келесі айда қол қояды. Ал алғашқы жекпе-жегі мамыр айында Қытай астанасы Пекин қаласында өтуі мүмкін.
Промоутері Майк Алтамура оның екі жыл ішінде әлем чемпионы атағына қол жеткізетініне сенімділік білдірді.
Тағы да оқыңыздар
Ақтөбеде түнде болған атыс кезінде бір адам қайтыс болды
Қамауға алынған Қуандық Бишімбаев тұтқындалды
Қазақстанның сыртқы қарызы ұлғайып бара жатыр
Қазақ жігіті басты рөлді сомдаған фильм Қытайда рекорд орнатты
Тексерістен бас тартқан алматылықтарды енді метроға кіргізбейді
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1374628-eleusinov-golovkinninh-zhetistikterin/