Атақты Месси мен Роналдуды шаң қаптырған әлемдегі ең қымбат футболшы кім?
Опубликовано:
Халықаралық спорттық зерттеу орталығы (CIES) әлемдегі ең қымбат футболшылардың рейтингін жариялады деп хабарлайды Массагет порталы.
Рейтингте каталондық «Барселонаның» бразилиялық легионері Неймар көш бастап тұр.
CIES Неймарды әлемдегі ең қымбат футболшы ретінде танып отыр. Трансферлік құнын 246,8 миллион еуроға бағалаған. Осыған дейін батыстық басылымдар бразилиялық ойыншының жұлдызды сәттері әлі алды екенін жарыса жазған еді. Тіпті кей сарапшылар 2018 жылы «Алтын допты» Неймар алатынын болжаған-ды.
Әлемдегі ең қымбат футболшылар рейтингінде екінші орынға Лионель Месси орналасқан. CIES аргентиналық шабуылшының құнын 170,5 миллион еуроға бағалаған. Үштікті осы маусымда ағылшындық «Манчестер Юнайтедке» ауысқан Поль Погба түйіндеп тұр. Оның трансферлік құны 155,3 миллион еуро көлемінде екен.
Мадридтік «Реалдың» үздік шабуылшыларының бірі Криштиану Роналду бұл рейтингте бар болғаны 7-орынға жайғасқан. CIES португалдық шабуылшы өзге командаға ауысар болса 125,5 миллион еуроға бағаланады деп топшылап отыр.
Әлемдегі ең қымбат футболшылардың ондығы:
1. Неймар («Барселона») – 246,8 миллион еуро
2. Месси («Барселона») – 170,5
3.Поль Погба («Манчестер Юнайтед») – 155,3
4. Антуан Гризманн («Атлетико») – 150,4
5. Луис Суарес («Барселона») – 145,2
6. Гарри Кейн («Тоттенхэм») – 139,2
7. Криштиану Роналду («Реал») – 126,5
8. Пауло Дибала («Ювентус») – 113,8
9. Деле Алли («Тоттенхэм») – 110,5
10. Эден Азар («Челси») – 101,5
Тағы оқыңыздар:
ОҚО тұрғыны тауық жылының құрметіне қоразға алып ескерткіш тұрғызып қойды (фото)
Шымкентте белгісіз біреулер шіркеуді тонап, садақа жәшігін алып кетті
Түркияның Білім министрі мектеп бағдарламасынан атақты Дарвин теориясын алып тастады
Универсиадада жеңген спортшылар 5 млн теңгеге жуық сыйақы алады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1378258-ataqty-messi-men-ronaldu-shanh-qaptyrgha/