Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Универсиаданың ашылу салтанаты өтті (фото)

Опубликовано:

Алматыда Универсиаданың ашылу салтанаты өтті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Спорт додаға әлемнің сексен елі көз тігуде. Аренаға 12 мың адам жиналды.

Ашылу салтанатының басында Нұрсұлтан Назарбаев пен онымен бірге отырған сыйлы қонақтар таныстырылды.

Бірінші кезекте 500 адамның қатысуымен "Ұлы дала елі" қойылымы көрсетілді.

Қойылым қазақ халқының тарихы мен дәстүрінен, мәдениеті мен әдебиетінің айшықты беттерінен сыр шертті.

Кейін Қазақстанның мемлекеттік туы сахна төріне салтанатты түрде әкелінді.

Ұлттық гвардияның офицерлері көк байрағымызды ортаға алып шықты. Миллиардтаған көрермен туымыздың көтерілген сәтін тамашалау мүмкіндігіне ие болып, Қазақстанның әнұранын балалар хоры орындап шықты.

Универсиадаға қатысуға келген елдер: Ауғанстан, Андорра, Аргентина, Армения, Австралия, Австрия, Әзірбайжан, Беларусь, Бельгия, Бразилия, Болгария, Канада, Чили, Қытай, Чехия, Эстония, Финляндия, Франция, Грузия, Германия, Греция, Гонконг, Венгрия, Иран, Италия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Латвия, Литва, Малайзия, Мексика, Моңғолия, Марокко.

Одан бөлек Универсиадаға қатысушы елдер келесідегідей: Нидерланд, Жаңа Зеландия, Норвегия, Парагвай, Польша, Румыния, Ресей, Сербия, Словакия, Словения, Швеция, Швейцария, Тайбэй, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Уганда, Украина, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия, АҚШ, Өзбекстан.

Ең соңғы болып шыққан Қазақстан құрамасын жанкүйерлер үлкен қошеметпен қарсы алуда. Құрамада Денис Тен, Юлия Галышева, Жұмағазиев Нұрберген, Алдабергенова Жанбота, Станислав Балкин, Абзал Әжіғалиев, Бекжанов Айдар, Браун Максим, Пантов Антон және өзге де спортшылар бар.

Айта кетерлігі, аренаға Қытай, Ресей, Швеция және Норвегия сынды бірқатар елдің спортшылары Қазақстан туын өз туларымен қатар ұстап шықты.

Барлық құрама шығып болғаннан кейін ашылу салтанатына арналған ғажайып шоу-бағдарлама назарға ұсынылды. Аңыз кейіпкерлерін шебер сомдаған әртістер аренаға жиналған жұртты сергіте түсті.

Тарихи жәдігерлер туралы бейнематериал көрсетіліп, кейін "Бүркіт биі" орындалды. Бүркіттің костюміне 200-ден астам құс қауырсыны пайдаланылған.

Биден кейін ортаға "Алтын адам" шығып, қазақтың биік рухын бейнелейтін самұрық құсы көкке "самғады".

Келесі қойылым - кемелденген Астананы,  экологияны сақтау идесын ортаға салды. Ал аяғына протез киген британиялық мүгедек қыз Виктория Мадеста мен Табылды Досжанның орындауындағы аргентиналық би жиналғандардың жүрегін елжіретті.

Балалардың орындауындағы композитор Павел Лидің "Жарық күн" әні көпшілікті бейбітшілікке шақырды. Әннен кейін Қазақстанда тұратын 130-дан астам ұлт пен ұлыстың биі көрсетіліп, елімізде бар ұлттың тату-тәтті екеніне баса назар аударылды.

Ұлттық билер қазақтың "Қамажайымен" аяқталды.

Қойылымның үшінші бөлімі мұз айдынында көрініс табады. Сахнаға Зарина Алтынбаева мен Димаш Құдайберген шығып, жұртты қуантты.

Универсиада символы "Сұңқар" қойылымдағы қыс мезгілін көрсетіп, Әйгерім Қалаубаева, Алмас Кішкенбаев, Қайрат Нұртас, Кәмшат Жолдыбаева сынды әншілер Универсиадаға арнайы жазылған әнді орындады.

Сөз Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа берілді.

"Санаулы сәттерден соң ақбас Алатаудың баурайында Универсиада алауы жағылады... Меймандарымыз байрақты бәйге кезінде еліміздің қонақжайлығына көңілі толып, таңғажайып табиғатына көз қанықтырады деп сенемін. Баршаларыңызға тағы да Қазақстанға қош келдіңіздер деймін... Әлем көз тіккен әйгілі спорт мерекесі баршаларыңызға құтты болсын", - дейді Назарбаев.

Одан кейін сөз Халықаралық студенттік спорт федерациясының президенті Олег Матыцин, Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахқа беріліп, Универсиаданың жалауы көтерілді. Халықаралық студенттік спорт федерациясының гимні ойнатылды.

Қазақстан құрамасы атынан ант беру құрметі Айза Мамбековаға және Асқар Валиевке берілді. Саханаға алау ұстаған 16 спортшы шығып, Универсиада алауы жағылды. Президент Универсиада ойындарын салтанатты түрде ашық деп жариялады.

Универсиадада спорттың 12 түрінен 171 спортшы Қазақстан намысын қорғайды. 10 жарыс күнінде 85 медаль жиынтығы сарапқа салынатын болады.

Айта кетерлігі, бұл қысқы Универсиада тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Универсиада қаңтар айының 29-нан ақпанның 8-не дейінгі аралықта өтеді.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақстан құрамасы Универсиадада қытайлықтарды ойсырата жеңді (фото, видео)

Димаш Құдайбергенов аспан асты елін тағы да таңдай қақтырды (видео)

Универсиада: Қазақстандық хоккейшілер Ұлыбританияға 11 шайба соқты

Қытайлықтар арасында Димаш Құдайбергеннің "егіздері" табылып жатыр (фото, видео)

Тасмағамбетов сыйлаған гитараны көзінің қарашығындай сақтап отырған келіншек кім?

Димаш Құдайбергенге қытайлық қыздар тұрмысқа шыққысы келеді (фото, видео)

-

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1391316-almatyda-universiadanynh-ashylu-salta/

pixel